Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің қысқаша мазмұнын жазыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл
Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды
профессор Ерeнғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған
жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы
кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей
болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім
алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы
кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардың өзінде әл-Фарабиден де білімі
Жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар
кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген
жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат
тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол
кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана
ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне
оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық
тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-
833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып,
дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген.
Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық
үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс
жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік
пайдаболды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми
басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен
Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифiнiң бастыуәзірлері Фараб қаласынан
болған деген дерек бар,
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан
жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте
жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым – білімде осындай үлкен жетістікке
жеткен Фараб Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін
ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күретамырында
орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
1)Шыңғыстың Шоқанды орысшада оқыту себебі өзіміз білетіндей,ол кезде біз Ресей үкіметінің отарлығында болғанбыз.Яғни жақсы білім алу үшін орыс тілін оқу міндетті түрде болып саналған.
2)Себебі ақ сүйектен шыққан отбасылар патша үкіметімен жақсы қарым-қатынаста болды,жағдайлары да жақсы болған.Осы себеппен патша үкіметі ақсүйектің отбасынан шыққан балаларды оқытуға ықыласты болды.
3)Шоқан Уәлиханов осы сапарға шығу арқылы сапарха шыққан әр жердің тұрмыс-тіршілігін,өсімдіктері мен жануарларын,халықтарын,халықтардың салт-дәстүрлерін біліп,халыққан танытпақшы болды.
Қазақ тілі Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны " халық ұстазы " деп тануы бекерден - бекер емес , деп ойлаймын.Шынында , ақынның шығармашылық мұралары – халықтың рухани қазынасы , тәлім - тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді . Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - « Толық адам » етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін : Ғылым таппай мақтанба , Орын таппай баптанба . Құмарланып шаттанба , Ойнап босқа күлуге , -деген жолдарының өзінде - ақ оқу - білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу - білімге шақыру қазір де өзекті , тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия , қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес. Алайда , бiр күнiн босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның : Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан , -деп үгіт жасағым келеді . Сонымен қатар , өзін түгелімен ғылымға арнап , бірнеше тіл біліп , елімізде ғана емес , шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес . Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді .
Объяснение: