Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Болашақтың мамандағы-бұл келешекте ең қажетті, ең табысты деп саналатын мамандықтар. Төменде көрсетілген мамандықтар Ұлы Британияның атақты Fast Future компаниясының зерттелуімен жүргізілген.
Сонымен, болашақтың мамандықтарына тоқталайық:
Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады.
Вертикальды фермерлер - бұл мамандық иегерлері өз өнімдерін вертикальды орналасқан үлкен жылыжайларда өсіреді. Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.
Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.
Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.
1.Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр.
Жоспар
1.
2.
3.
4.
2.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.
Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі.
3.Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін тауып жаз.
болашақ
мұғалім
4.«Менің болашақ мамандығым» деген тақырыпта шағын әңгіме құрап жаз.
Қазақстан жануарлары
Қазақстан табиғаты алуан түрлі болғандықтан, мында мекендейтін жануарлар түрі де қаншама.
Интернет желісіндегі ақпаратқа жүгінсек, Қазақстанда сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлері кездеседі екен.
Дала жануарларынан тышқан, сарышұнақ, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой, киік, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемді келеді және олардың түстері де дала бояуына қарай өзгере дамыған болады.
Орманды дала жануарлары қатарынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Оларды мекендейтін жануарлар: тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі.