В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
dgbimv
dgbimv
09.01.2021 23:53 •  Қазақ тiлi

Тапсырма 1.Мәтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда қолданЫҢЫЗ, көтерілген басты мәселені анықтаңЫЗ. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

Показать ответ
Ответ:
dianavolk00
dianavolk00
30.12.2020 12:48

Объяснение:

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.

А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды  үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.

Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін.  Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.

Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.

Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.

0,0(0 оценок)
Ответ:

не за что

Объяснение:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -

дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.

Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек.

Ғалымдар адам аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.

“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.

Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, ьарлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота