Тапсырма 1. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасынан алынған үзіндіні мұқият оқып, қарамен берілген Мүсіреповтың сөзіне талдау жасаңыз. Нұрхан: Апыр-ай, Сталиннің жаны ашымаса, құдайдың да жаны ашымағаны ғой.
Мүсірепов: Солай болғаны да. (Ойланып.) Ал Голощекиндікі көпе-көрнеу зорлық. Зорлықтың түбі – қорлық. Қорлықтың түбі – қу тақыр. Соны да көрдік біз пақыр.
Нұрхан: Голощекин біздің жерді өртей беретіндей не жаздық? Осы өрттің отына бассирақ үйіте ме, қайтеді? Сондай бір зымиян ойы жоқ па?
Мүсірепов: Елдің – егесі, бөрінің – тәңірісі бар. Мәскеудегі азаматтарымыз: Рысқұлов, Нұрмақов... қарап қалмас. Нұрхан: Ал... Алматыдағы азаматтар не бітіріп отыр? Тек бас шұлғи бере ме? Мүсірепов (күрсініп, алысқа қарап): Ұлық өзінен акылдыны ұнатпайды. Орнымды алып қояды деп қорқады. Біздің бетке ұстар, білімді, арлы азаматтарымызды Голощекин сырттатып жіберді. Алматыда қалғандарына күн көрсетпейді. Ал соның сөзін сөйлеп, сойылын соғатын Құрамысов сияқтылар қомпиып отыр.
Айдостың қора-қора малы бар.
Нұрболдың күшігі әдемі болатын.
Айнагүл қызын алмалы баққа апарды.
Балнұр ауылға келгеніне қуанып,шөпке аунады.
Біздің сыныбымызға жаңадан оқушы келді.
Атасы немересіне базардан алма әкелді.
"Біздің баламыз сабақты жақсы оқиды",-деп анасы мақтады.
Балалар доп ойнау үшін тегіс жер іздеді.
Балалар қалаға келіп жетті.
Айдын спорттық ойындарды көріп,мәре-сәре болды.
Спорт-денсаулық кепілі деп аталады.
Өрістен қойлар келе жатыр.
Анар орманнан жабайы мысықты көріп аң-таң болды.
Айбол ата немерелеріне қызықты ертегі айтып берді.
Балалар ауылға демалысқа келді.
Бүгін Айжамалдың жеңгесі сиырды бірінші рет сауған.
Заң дегеніміз, құқықта – кең мағынада: мемлекет белгілеген құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер. Заңдар Конституциялық және Қарапайым заңдар болып бөлінеді.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция – әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі 2 бөлім 54 баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған. Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырылып, ондағы әрбір азаматтар өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыруда.
Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.