Тапсырма № 2 Сәйкестендіру Саясаты Билеушілері
А) Қарахан мемлекетінің негізін қалады 1 . Күшлік
Ә) Исламды қарахандықтардың мемлекеттік діні етіп
жариялады 2. Елюй Даши
Б) Наймандар билеушісі Шыңғысханнан жеңіліс тапты 3. Мұса қаған
В) Жетісуда Қарақытайлар мемлекетін құрды 4. Сатұқ Боғра хан
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған.Кейіннен тек заман талабына сай жазу пайда болды.