Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:- Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?Сонда ақ тиін:- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік үшін қазақ жастары Алматыдағы орталық алаңға шеруге шықты. Ол жастардың көбісі студенттер болатын.Желтоқсан оқиғасына қатысқан 99 жас сотталып,2-уі ату жазасына кесілді. Олар тәуелсіздік үшін күресті. Ату жазасына кесілгендердің бірі Қайрат Рысқұлбеков еді-ол тек шеруге шығушы емес, ақын дарынды жас еді. Кайрат Рысқұлбековты кейін 20 жыл өмірін түрмеде өткізуге кесілген болатын,соңынан Семей түрмесіне көшіріліп,құпия түрде өлтірілді. Қазақ жастары азаттық үшін көресіп, соңынан 1991 жылы олар армандаған тәуелсіздік күніне жеттік. Қазіргі күнде Қазақстанымыз Азат ел. Қазақстанымызды дүниежүзі таныды десек артық етпейді.