Тапсырма А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
Імм, қалай келдің дейсіз бе? Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүретінмін, кейін қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кеткенін өзім де білмей қалдым, иә. Мектеп кезінде суретке түсіру мен үшін бір (...) хобби болатын, Ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
Маған ба? Табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал (...) студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де, шіркін, табиғаттың орны ерекше ғой!
Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
Әрине, ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам әлі есімде. Сол уақытта (.) фотоаппартты несиеге сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару болды.
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді.
Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі.
1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.
Екі мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды көрсетіңіз.
А мәтіні
Ә мәтіні
Не туралы?
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1)Өздік есімдік
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз,
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз
Болымсыздық есімдіктері
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады.
2)Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов)
Жинақтық сан есімдер
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау (-еу) жұрнақтарын қосылуы арқылы жасалады. Бұндай сөздердің негізгі мағынасы абстракт сан мөлшерін білдіргендіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке қолданылады.
Топтық сан есімдер есептік, жинақтық, болжамдық сан есімдерге, қазіргі кезде шығыс септікке тән грамматикалық мағынадан біржола қол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу арқылы жасалады да, біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшердің топтап көрсетеді.
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді.
Өткен шақ — іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткенін білдіретін етістіктің шақтарының бір түрі.
3)Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:
1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “
2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.
3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады.
4)Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.
Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б
5)Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі.
Көсемше — өзіне тән синтаксистік қызметі, морфология тұлғалары бар дербес категория.
ответ:Болжалдық Сан есім заттардың санын дәл көрсетпей, шамамен, мөлшермен атайды (жүз шақты), бөлшектік Сан есім математикада жиі қолданылады (оннан екі бөлігі). Сан есімге ұқсас жарты, жалғыз, сыңар, қадақ, шақырым, қозы көш жер, ет асым, т.б. сөздер уақыт, салмақ өлшемдері ретінде қолданылғанымен Сан есімге жатпайды, нумеративтік сөздер болып табылады
2)Есімдік - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы.Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
3)Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
жіктеу есімдіктер;
сілтеу есімдіктер;
сұрау есімдіктер;
өздік есімдіктер;
белгісіздік есімдіктер;
болымсыздық есімдіктер;
жалпылау есімдіктері;
Объяснение: