ТАПСЫРМА: БЕРІЛГЕН СӨЗДЕР мен СӨЗ ТІРКЕСТЕРМЕН 5-6 сөйлем құрастыру.
кәсіпкерлік- предприниматель
табыс - доход
қаражат - средства
табыс көзі - источник дохода
белсенділігі мен іскерлігі - активность и умение
жаңа ізденіске бағыттайды - направляет на поиски нового
жеке кәсіпкер - индивидуальный предприниматель
қажеттілік - потребность
игілік - благо
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.