Тапсырма Берілген жыр жолдарынан көркемдегіш құралдарды табыңыз. Өлеңде айтылған негізгі ойды қара сөзге айналдырып жазыңыз
Адам деген не көрмейді түсінде
Жатыр екем бүгін қабір ішінде
Дағыстанның кең аңғары күн ыстық
Көкірегімде орнаған бір тыныштық
Асау өзен арқырайды жарды ұрып
Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып
Мен жатырмын үнсіз туған жерімде
Жер болады балғын тәнім менің де
Мен жатырмын қара жерге табына
Жоламайды келмейді ешкім маңыма
Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта
Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта
кетті ғой деп қыршын ғана жасында
Жыламайды ешкім молам басында
Жарым қайда, досым қайда кешегі?
Анам қалай жатқанымды білмеді
Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен
Бір дауысты естіп қалдым кенеттен
Естідім мен осы арадан үнін де
Екі кісі сөйлесті авар тілінде
Мен жатырмын қара жерде көз жұмып
Мына екеуі күбірлейді сөз қылып
Ғасан деген бір кісінің қулығын
Али деген бір кісінің сұмдығын
Естідім де сөзін ана тілімнің
Бойым жылып лезде мен тірілдім
Балгер де емес, дәрігер де емес емдейтін
Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін
Өзге бір тіл емдер басқаларыңды
Мен онымен айта алмаймын әнімді
Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өтуге де бүгін-ақ.
Мен жаныммен сүйем осы тілімді
Кедей деп-ақ айта берсін білімді
Ассамблеяда естілмесін үні де,
Ана тілі - ұлы менің өзіме.
Махмұт жырын оқу үшін жастауын
Күтем әлде аударуын басқаның
Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде
Өлеңдерін жаза алар тілінде
Мен сүйемін планетаның барлығын
Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын
Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де
Әлім шолы айттым алар тілінде
Қымбат маған елімнің бар даласы
Балтық пенен Сахалиннің арасы
Қайда болсын қия маған жанымды
Туған жерден қазсын бірақ қабірді
Алаша бір жазып қойған құлпы тас
Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас
Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп
Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!
Ұлыстың ұлы күні ол Наурыз мейрамы .Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Наурыз мейрамында айтылатын құттықтау қағаздары мен тілектер айтылады.Және Наурыз мейрамында күн мен түн тенеседі.Адамдар бұл мейрамда арнайы Наурыз көже дайындайды.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді.
Қазақ халқының шығу тегі туралы аспектілерге лингвистикалық және антропологиялық мәселелер жатады. Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіевропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Атап айтқанда, лингвистика жағынан қарғанда - ежелгі европалық- үндіирандық- прототүркілік-түркілік- қазақ. Түркі тілі Алтай тіл семьясына (монгол-манчжұр-танғыс) жатады. Алтай қауымдастығы мезолит дәуірінде Орта Азия мен Байкал бойында пайда болды. Түркі тіліне ғұн, оғыз, қыпшақ, үйсін, хазар. Тұнғыс-маньчжұр тобына - нанай, эвенкі, манчжұр.Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобының батыс тармағына жатады. Оған қарақалпақ, қарашай-балқар, башқұрт, қырым татары, қырғыз тілдері кіреді.Ал антропологиялық тұрғыдан қарағанда - европалық-европа-монголдық- монголдық-европалық. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіевропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. 3-1 мыңжылдықтарды қамтиды