-тапсырма. дегеніміз
4. Мәтінді тыңда. Оқы.
Компьютер
ақпараттық үдерісті орындауға арналған құрал. Ақпарат үдерісі
қажетті ақпаратты алу, тыңдау, көру, өңдеу, тарату. Бұл әрекеттерді тез
әрі сапалы жасауда компьютердің пайдасы өте көп. Мысалы, мұғалімдер пән бойын-
ша реферат жазғанда оның әдемі әрі таза болуын талап етеді. Қаламмен жазылған
және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы
кер мен көктей. Рефераттың көшірмесі керек болса, файлды ашып, принтермен
кешірмесін жасай салу оңай. Оған аз уақыт жұмсалады. Рефератқа сурет керек болса,
оны да компьютер арқылы аламыз. Компьютерден қосымша ақпараттарды, рефератқа
қажетті суреттерді тез табамыз. Осылайша компьютердің көмегімен уақытымызды
ұтымды пайдаланамыз. Бірақ компьютерді дұрыс пайдаланбасаң, оның зияны да
өте көп. Әсіресе ондағы әртүрлі ойындар балалардың денсаулығына, жүйкесіне, миы-
на зиян келтіреді. Ғалымдар компьютердің адам ағзасына тигізетін мынадай зияны
бар екенін айтады:
көздің көру қабілетін төмендетеді;
омыртқалардың қисаюына әкеледі;
жүйкеге салмақ түсіреді;
шаршағыштық, әлсіздік пайда болады.
Бұған қоса тағы бір зияны: ерік-жігері әлсіз балалар құмарпаздар секілді ком-
пьютерге тәуелді болып қалады. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайды
қарайды. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызық тапсырмаларды орындауға
талпынысы жоғалады.
Компьютерде ұзақ отыру баланың көңіл күйіне де жаман әсер етеді, олар көбінесе
ашуланшақ болады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем»
қалыптасады. Компьютерге тәуелді бала өз достарын да жоғалтуы мүмкін...
Зделайте 4 вопросов и ответов на этот текст
Тілді білу – оңай шаруа емес. Ешкім тумысынан қостілді болып тумайды. Бұл үрдіс қажеттіліктен туындайды. Қазіргі уақытта көп тілді білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік (көптілділік) пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет.
Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Осыған орай, білім ұйымдарының үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Елбасымыздың – Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан‖ атты Жолдауында – «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,-деген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан–2050” стратегиясында еліміздің әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту міндеті қойылды.
Асыл туған Жібекті,
Еш жаманға қор қылмай,
Өзің бір алып сүйгейсің,- деп айтып кеткен.Кейін Сансызбай әмеңгерлікпен Жібекті алған."Қыз - Жібек" жырында Бата беру,Теріс бата беру дәстүрлерінде жан-жақты айта білген.Ақ бата - ақ тілек.Теріс батаны Төлегеннің әкесі Базарбай тіл алмаған баласына тілеген.Сондықтанда Төлегеннің арманы орындалмайды.Жырда арыздасу әдет- ғұрпыда бар.Арыздасу - қайтыс болар адамның ақырғы сөзі.Төлеген соңғы рет көзін ашып Бекежанды көріп :
Қарға-құзғын жемесін,
Жасыра кеткін жүзімді.
Замандас едім,жан аға,- деп өтінген.Жырда Сүйінші салтыда айтылған.Сүйіншілеп келген жанға қазақ қалағанын берген."Қыз -Жібек"жырында қазақтың салт- дәстүрі мен әдет - ғұрпын айта отырып,кейінгі жастарды адалдыққа,бір сөзділікке,адамгершілікке шақырады.Халықтың тұрмыс -тіршілігін таныстыра отырып, салт -дәстүрін,әдет -ғұрпын құрметтеуге тәрбиелейді.