Тапсырма. Әңгіме туралы түсінгеніңді айт. Дәптеріңе постер жаса. Әңгіме – болған оқиғаны баяндайтын қысқа көлемді прозалық жанр. Әңгіменің тақырыбы, идеясы, сюжеті, құрылымы болады.
Әңгіменің тақырыбы – автордың айтқысы келетін ойдың бағыты.
Әңгіменің идеясы – автордың оқырманға жеткізгісі келетін ойы.
Әңгіменің сюжеті – оқиға желісінің жүйелі берілуі.
Егер сен әңгіме құрастыратын болсаң, онда оның сюжеті төмендегідей құрылым бойынша жүзеге асуы қажет:
Сюжеттің басталуы – оқиға неден, қалай басталғандығы туралы жазу.
Сюжеттің байланысы – оқиғаға қатысқан кейіпкерлермен таныстыру.
Сюжеттің дамуы – кейіпкерлердің іс-әрекеттері туралы баяндау.
Сюжеттің шарықтау шегі – кейіпкерлердің іс-әрекеттері арқылы болатын оқиғаның негізгі тұсын көрсету.
Сюжеттің шешімі – оқиғаның шешімін көрсету, аяқтау.
Әңгіменің құрылымы – ойды жүйелі, түсінікті, мазмұнды жеткізу үшін қажет. Егер құрылым сақталмаса, мазмұн да жоғалады. Әңгіменің құрылымына кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім жатады.
Сонымен қатар әңгіменің идеясын ашатын сөздер болады. Ол сөздерді – тірек сөздер дейді.Сюжетті суреттер мен тірек сөздер әңгіменің одан әрі қызықты болуына көмек болады.
Тұрақты тіркес — сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
ит өлген жер — алыс
тайға таңба басқандай — анық
Тілді үйіреді — тәтті
көз шырымын алу — ұйықтау
Ағама жеңгем сай, апама жездем сай — мінез қылығы үйлес
Ағынан жарылды — ештеңені жасырмай, бар шындығын айтты
Ажал оғы атылды — мерт болды
Ажары кірді — көріктенді
Аузы алты қарыс — қаһарлы
Азуын айға білеген — батыл
Айдар тақты — әйгілі қылды
Айдарынан жел еседі — рахат өмір
Айды аспанға бір шығарды — аты шықты
Айдың күні аманда — аман есенде
аймандай қылды — әшкереленді, ұятқа қалды
Айна қатесі жоқ(айна қатесіз) — діл, тура
Айтаққа ерді — өсекке ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетеді — естімейді, ұқпайды
Айы оңынан туды — жолы болды
Айызы қанды — көңілі жай тапты
Ақ ауыз қыды — алдап соқты
Айылын жимау — жасқанбау, сескенбеу
Ақ жарқын — ашық көңіл
Ақиық — айрықша асыл
Ақ киізге көтерді — хан сайлады
Ақ саусақ — еріншек
Ақыл (ой) таразысына салды — дұрыстап ойланды
Ақыл қосты — кеңес берді
Ақылға салды — ойланды
Ақысын жеу — еңбегінің ақысын бермеу / біреудің еңбегін пайдаланды
Алаауыз — бірлік жоқ
Ала болды — араздасты
Ала көзімен атты — жек көрді
Әр адамның өз өмірі болады. Сонымен тағдырлары да әртүрлі. Кейбірі өз рахаты үшін, байлық үшін өмір сүреді. Кейбірі өмірінің мәні үшін өмір сүреді. Менде сол өмірімнің мәні деп санаған жақындарым үшін өмір сүруді жөн көремін. Байлық бізге не керек?! Бір күні жоққа айналады емес пе?! Сондықтан мен өз жақындарымды өмірімнің мәні деп санаймын. Өмірімнің мәні деп тұрған жандарым атам, әжем, інім, анам, әкем, қысқасын айтқанда отбасым. Мен өмірімнің мәні үшін өмір сүремін, оларды қатты жақсы көремін.