Тапсырма.ii. Жазушының таңдауын анықтау және комментарийжасай білу; Абайдың И. А. Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңін оқып шығыңдар. «Үш қадамды сұхбат» әдісімен ақынның қандай мақсатта аударма жасағаны жайлы комментарий беріңдер. Кесте төменде.
Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/audarma/23663/
с сочем
-Өтінемін маған су берші
-Күте тұрыңыз,әжетай,қазір суды алғаннан кейін сізге беремін
Ол оған су берді.Бұл әйел оған сыйлық берді де, былай айтты
Сен басқалар сияқты емессің,өте мейірімді екенсің сол үшін саған сыйлық беремін.Бұдан былай сен сөйлеген кезде ауызыңнан маржан тастар шығатын болады. Кейін ол сөйлеген кезде ауызынан әрқашан маржан тастар шықатын болды. Ал үлкен әпкесі құдықтан су алуға барған кезде,алдынан осы әйел шығады.Әйел одан су сұрайды:
Үлкен қыз оған былай жауап береді
Одан да сіз маған жақындамағыз, мен сізге ешқандай су бермеймін дейді
Сен өзіңнің кіші сіңіліңді жақсы көрген емессің.Ендігәрі сен сөйлеген кезде аузыңнан бақалар шығатын болады дейді әйел
Ол оны қарғайды. Бұдан кейін оны барлығы бақа деп атап кеткен.
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Денсаулық – зор байлық!Денсаулық табиғаттың ең қымбат сыйы.Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдыналуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.