Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады. Рахмет, саған мейірімді адам.
Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын. Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады. Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Мен Зарина Диасты өте қатты ұнатамын. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен жаттығуда достарыма Зарина Диасты білесің бе? Ол Қазақстаннан! деп айтамын. Олар Зарина Диасты танып Ооо! десе мен қатты қуанып кетемін. Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.