Тапсырма Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Үш тіл – заман талабы Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. 1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. A. Тіл туралы B. Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы D. Адамгершілік туралы 2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі. B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет. C. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек. 3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. A. әңгіме B. сұхбат C. ертегі D. мақала 4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
Астрономға хат.
Құрметті,астроном,Сіздің істейтін іс-әрекетіңіз ерекше әрі қиын.Мені аспан әлімі өзінің сан қилы құпияларыменқызықтырады.Жұлдыздарды,оның ішінде Жетіқарақшыны мен де Сіз секілді телескоптармен қарап,зерттегім келеді.Бірақ ол үшін білмейтінімнен білгенім көп болуы керек емес пе?Оған қоса өте ізденімпаз болу керек.Сіздердің арқаларыңызда жаңа ғарыштық денелер,жұлдыздар ашылуда.Ал ашылмағандары көп екенін меннен гөрі Сіз жақсы білесіз.Сонымен қатар мені астроном дәрежесіне қалай жеткеніңіз қызықтырады.Астрономның жұмысы - қызығы мен шыжығы мол жұмыстардың бірі.Бұл ісіңізге толағай табыстар тілеймін.Және де мен секілді аспан әлеміне қызығушыларды жаңа ашылуларды жиі зерттеп,бізді қуантып тұрыңыз дегім келеді.
Хат жазушы: (сенің есімің/твоё имя).
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.