тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Биоалуантүрлілік генетикаға, экологияға, ланшафтыққа байланысты. Әр адамның жан-жануарлардың, өсімдіктердің генетикалық ерекшелігі бар. Ол көптеген факторларға тәуелді. Жануарлардың генетикасын зерттеуден үй жануарларының жасанды тұқымдары пайда болды. Ол гендік инженериямен байланысты. Экологиялық – әр тіршілік иесі белгілі бір аймақта өмір сүреді.
Тіршілік иесі өмір сүретін аймағымен бірлікте экожүйені құрайды. Ланшафтық – қоршаған ортаның жер бедері. Биоалуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – «Қызыл кітап». Оған саны кеміп бара жатқан аң-құстар, өсімдіктер кіреді.
Сұрақ
Жауап
1. Генетикалық қасиеттер неге байланысты?
2. Белгілі бір мекенде өмір сүру қалай атайды?
3. Азайып кеткен аң-құстар, өсімдіктер қалай қорғалады?
4. Төрт түлік малдың жасанды түрі қалай пайда болды?
Қазақ халқы ежелден бері ешкіммен шаруасы жоқ өз малын бағып тынышымен жүрген ел. Әрқашанда жанымыз жайсан арам ниетымыз жоқ халықпыз. Ең ерекшелігіміз өте қонақжай елміз. Себебі,қонақ деген өзімен бірге құт береке мереке алып келеді. Тіпті біз ертеден танымайтын жандар болсада үйімізге кіргізіп Құдайы қонақ еткенбіз. Әр келген басқа ұлттықтар біздің осы қасиетімізді бағалайды. Ұлы халықпыз өйткені біздің елден қаншама батыр,шешен,ақын, жазушылар шыққан. Халқымыз жайлы айта берсек өте көп, ең бастысы Алла бізді осындайлығымыздан айырмасын.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ұстаз,ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]