Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жаса. Адам дамуының ең басты кепілшісі - еңбек. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" - деп, атам қазақ бекер айтпаған. Шынымен де, адамды адам еткен еңбек. Еңбексіз, адамзат әлі примитивті даму үрдісінде қалушы еді. Өз жалқаулығын жеңіп, еңбек ете білге азаматтар ғана бұл өмірде шексіз бақыт пен байлыққа кенеледі. Сол себептен, баланы кіші кезінен еңбекке баулыған дұрыс. Балалар әке-шешесіне үй жұмысымен көмектесіп, өз қолқабысын үнемі тигізіп отыруы қажет. Осындай тәрбиеде өскен бала, өскен кезінде өз жұмысына адал және үнемі еңбек етуге даяр болып өседі.
1-тапсырма. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) мақала
В) әңгіме
С) сұхбат
D) очерк
2-тапсырма. Жанрға тән екі ерекшелікті жазыңыз.
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт дәстүрлердің тәлім -тәрбиелік білім танымдық ролі зор. Қазақ халқы — рухани зор байлықтың мұрагері.Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерінің сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.
Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені,озық өнегелі дәстүрді,адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда,оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Сондықтан ұлттық мәдениеттің,әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы.Бұл шағын әлеуметтік топ-бала үшін өмір мектебі.
Қазақстан Республикасы Ата заңының 9 тарауы «Отбасы» деп аталып, оның 51 бабында «Ата-аналардың және олардың орындарындағы адамдардың міндеті-балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту»-деп нақты көрсетілген. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Балалардың болашағы олардың өмірден татар несібесі мен еншісінің үлес салмағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты болады.