Тапсырма Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұрлық
Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады.
Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.
1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
1.
2.
2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді 4- 5 сөйлеммен түсіндіріңіз.
3. Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз. Жазу кезінде тыныс белгілерін ескеріңіз.
1. Қоғамдағы құқықтық сауаттылықты қалай арттыруға болады?
2. Еліміздегі балалар құқығы қалай қорғалады?
3. Өз құқығын білмеудің салдары қандай болады?
4. Жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың себебі неде?
Бағалау критерийі Тапс ырма № Дескриптор
Білім алушы
Оқылған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді 1-2 - 1 қоғамдық мәселені анықтайды;
- 1 тұрмыстық мәселені табады;
- таңдау жасаған мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады;
- өз пікірін 4-5 сөйлеммен білдіреді. 1
1
1
1
Жағдаятқа сай тыныс белгіні, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді 3 - тақырып бойынша сұрақтарды түсінеді ;
- сұраққа қатысты өз ойын білдіреді;
-тақырыпты ашады;
- тыныс белгілерін орынды қолданады. 1
1
1
1
Барлық : 8
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады.
керуеттің үстінде киім жатыр. на диване лежит одежда.
кітаптарды шкафтың ішіне сал.положи книги в шкаф
үстелдің үстін тазала убери со стола
ұйықтайтын бөлменің бұрышында төсек тұр.в углу в спальней стоит постель
шкафтың ішінен керекті заттарды ал возьми из шкафа нужные вещи
диванның алдында кілем жатыр.перед диваном лежит ковер.
үстелдің үстіне қаламды қой. положи на стол ручку.
қаланың сыртын да əдемі алаң бар. загородом есть красивая площадь.
сағатты есіктің үстіне іл.повесь часы над дверью