Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!
1. Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?
2. Кестені толтырыңыз.
Көркемдегіш құралдар
Мәтіннен мысал
Қолданылу мақсаты
Эпитет:
Метафора:
Метонимия:.
3. «Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
Қазақ тілі БЖБ
Объяснение:
бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
Мәтіннің мақсаты қандай? Мәтіннің мақсаты Қазақстан азаматының бойында патриотизмді ояту.
Және де үнемі бейбітшілікті сақтауға ұмтылу. Кімдерге арналып жазылған?
Жасөспірімдерге
«Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз
«Ырыс алды – ынтымақ» дейді дана халқымыз. Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрмыс кешіп жатыр. Азаттықтың таңы арайлап атқан сәттен бастап, ұлтаралық келісім мен татулықтың соны үлгісі салтанат құрды. Еліміз тыныш, халқымыз аман. Өндірісі өркендеп, экономикасы дамып келе жатқан, алдына ауқымды міндеттер қойған мемлекеттердің қатарындамыз. Әрине, осының барлығы тыныштық пен тұрақтылықтың, ауызбіршіліктің нәтижесі. Дұрыс та сауатты жүргізіліп отырған саясаттың жемісі.
Досқа адалдық таныту мен қиналған жанға қолұшын – созу қазақтың қанына біткен асыл қасиет. Кешегі кеңестік солақай саясаттың салдарынан қуғын көріп, туған жерінен қуылған мыңдаған халық қазақ даласынан сая тапты. Аталарымыз өздері таршылық көріп отырса да, жер ауып келгендерді жатсынбай, жарты нанды бөлісіп жеді. Ешкімді дініне, ұлтына немесе нәсіліне қарап кемсітпеді. Бұдан қазақ жаман болған жоқ. Қайта, әлемге ұлтаралық татулық пен келісімнің соны үлгісін көрсете білді.
Батыр бабаларымыз ұрпақтың қамы, ұлттың болашағы үшін күресті. Осынау асты мен үсті қазынаға толы ұлан-ғайыр мемлекетті бізге аманат етіп қалдырды. Тәуелсіздік пен бейбітшілік – бабалар арманы. Сондықтан да, оның қадірін түсініп, бағалай білуіміз керек.