Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мазмұнын түсініңіз және ақпараттың
өзектілігін анықтаңыз.
… Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген
оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: – Мен сендерге бір
әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарадық. …Бұрынғы Ворошилов
колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа
апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты.
Ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын
үнемдеп жейміз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден
ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз
пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке: – Сен бал ашшы (погадай), совет жеңе ме
екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты (один из видов гаданий)
шашып кеп жіберіп: – Жаудың беті қатты (враг силен). Күші басым. Біздің жеңуіміз
қиын болады-ау! – деді.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.