Тапсырма Мәтінді оқу,
Мәтіннен есімше,көсемшелерді тауып тұлғалық талдау жасау.
Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақ халқының дәстүрлі тағамдары негізінен ет пен сүттен құралды. Көшпелі тұрмыс салтын ұстанған қазақ халқы жылқы еті мен қой еті, биенің қымызын, түйенің шұбатын, қой мен сиырдың сүтін және сүттен жасалған алуан түрлі тағамдарды жыл он екі ай азық етті. XV ғасырда қазақ жерінде егіншілік дами бастады да, ас мәзірі құрамында бидай, тары, қарабидай, арпа, сұлыдан жасалған тағамдар пайда болды. Қазақтың тағамдарын шартты түрде ет, сүт, және ұн тағамдары деп бөлуге болады.
Маусымдық көші-қон кезінде азқ-түлікті ұзақ уақы бұзбай сақтау қажет болды, ал тағамдар дәмді әрі сіңімді болуы тиіс еді. Осылайша жылқы еті мен қой етінен сүрленген, тұздалып ысталған және ысталып пісірілген түрлері пайда болды. Сондай-ақ көші-қон кезінде алып жүруге ыңғайлы түрлі сүт өнімдері де кеңінен таралды. Торсықтағы қымыз бен дорбадағы құрт пен ірімшік кез-келген сәтті ішіп-жеуге қолайлы болды.
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: "Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?" - деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?" - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой
Ғалам біз білмейтін дүниелерге толы. Кішкентай күнімнен аспанға қарап, күндіщз күн мен бұлттарды, түнде жұлдыздар мен аппақ айды тамашалап, ұзағынан қарағанды ұнататынмын. Аспан әлемі мені ерекше еліктіретін. "Анау тұрған дөп-дөңгелек айдың үстіне шығып алып, жерге қараса, біздің ғаламшар ол жерден қандай болып көрінер екен? Бұлттан бұлтқа секіріп, күн сәулелеріне шомылсам ғой", - деген ойлар келетін санама. Ғарышқа, аспанға ерекше құмар болдым. Ғарышкер болуды армандайтынмын.
"Аспанда тіршілік бар ма екен? Бар болса дәл күнге барып, сонда тұрар едім", - деп ойлайтынмын. Дөңгеленген жарқын, сәулелері нұр сыйлайтын Күннің жалындаған от екенін ойламаппын да ғой. Сонда туыстарым, жақсындарымды алып барсам Күн мен Айдан үй тұрғызсақ дейтінмін. Мұның бәрі бала қиял. Бірақ бүгінде небір түрлі жаңалықтар ашылып, құрылғылар пайда болуда. Бәлкім, бір кездері Айда тұру да мүмкін болып қалар.
Объяснение: