тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Негізгі және қосымша ойды анықтаңдар. Кітап, 136-бет. / По тексту нохадите основную и допалнительную информацию
Күзгі күн еді. Күнұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде.Дала көңілсіз.Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып, тақырланған жер. Қызықты жаздың құлпырған жері жоғалған секілді. Мына кішкене шалшық су бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап жатқан көгал еді. Енді шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Бұл түріне қарап, мына жерде көгорай шалғын болды деп кім айтады?!
Б.Майлин
Негізгі ақпарат/ основная информация
Қосымша ақпарат / допалнительная инфрмация
6-тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер. Отгадайте загадку
Қыр басында әрқилы, Жезге ұқсас сабағы,
Сары теңіз толқиды. Дәні – халық тамағы.
(Е...н) (Б...й)
Жапырақты бояды, Қара суық жел есті,
Атырапты бояды. Күннің көзі көмескі.
Бояп-бояп барлығын, Ауыл егін орады,
Сап-сары ғып қояды. Бұл қай кезде болады?
(К...з) (К...з)
«Алтын сақа» - бұл мұражай-қорықтың Балалар көркем-ойын кешенінде ұйымдастырған экспозициясы. Экспозицияда бала қиялының әлемі, әртүрлі елдер мен халықтардың ертегілерінен бізге жеткен кейіпкерлердің әлемі назарға ұсынылған. Экспозиция қаланың жасөспірім көрермендеріне, сондай-ақ ересек тұрғындары мен қонақтарына авторлық қуыршақтар мен ойыншықтардың ерекше және әртүрлі әлемін қызықтауға, өнердің осы түрінің адамға беретін өзіндік бір ғажайып та жағымды әсерін сезінуге мүмкіндік береді.
Экспозицияда қуыршақтар – аңыздар мен ертегілердің кейіпкерлері, түрлі ертегілік жанрлардың: жануарлар туралы ертегілердің, тұрмыстық, сиқырлық, сатиралық ертегілердің қаһармандары назарға ұсынылған.Алтын сақаның бас қаһарманы, идеялық нысанасы - халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер өз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі - батырлықтан гөрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау.
Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.
Менің сүйікті кейіпкерім Алдар көсе. Оның сақалы жоқ. Алдар өте қу және ақылды. Оның түсінігі өте мықты. Өйткені ол тапқыр адам. Ол тек байларды, көпестерді алдады. Мысалы, ол өз жаман атын байдың жақсы атына қулықпен айырбастады. Ал өзінің жаман тесік шапанын тағы бір байдың жақсы шапанына айырбастады. Ол кедейлерге, жетім балаларға көмектесетін.
Мой любимый герой - Алдар косе. У него нет бороды. Алдар очень хитрый и умный. Он хорошо понимает. Потому что он находчивый человек. Он обманывал только баев и купцов. Например, он с хитростью обменял свою лошадь на лошадь бая. А свой старый чапан так же обменял на новый чапан у другого бая. Он бедным и сиротам.