тапсырма. мәтінді оқыңдар. құрылымы мен рәсімделуін, тілдік ерекшеліктерін талдап, стилін анықтаңдар. римдік марк туллий цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа үқсатса, шешендік өнерді саусақтар сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. ғүлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. сөйте отырып, ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. бұл - цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігін, бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз.
Жайылма сөйлем — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал). Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың) анықтауышы болып тұр. Сондай-ақ, “Адамның алып анасы — қара жер перзентін құшағына бір алады” (М.Иманжанов) сөйлеміндегі бастауыш қызметінде “жер”, оның анықтауышы “қара”, айқындауышы “ана” болып тұр. Ал “ана” сөзінің анықтауышы ретінде “алып” және “адамның” сөздері қызмет атқарады. Екінші жағынан, “құшағына алады” тіркесі баяндауыш бола тұрып, тура толықтауышты (“перзентін”) керек етеді. Жайылма сөйлем құрамындағы сөздер өзара әр түрлі синтаксистік байланыста болады. Мысалы, меңгере байланысу (“перзентін құшағына алады”), матаса байланысу (“адамның анасы”), қабыса байланысу (“алып анасы”), т.б. Тұтас сөйлемге қатысты сөздердің енгізілуі де жайылма сөйлемнің құрылуына себепші болады: “Екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі кемпірлер де келді” (Б.Майлин). Осындағы “екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі” деген сөз тізбегі — жалаң сөйлем болғалы тұрған сөйлемнің жайылма болуының белгісі. Оқшау, қаратпа, қыстырма сөздердің кірістірілуі де сөйлемнің жайылма болуына жағдай жасайды. Мысалы, “Осының өзіне елтіп, еліктеп, таусыла таңдануына қарағанда, бұның машығы өзі айтқан “жора-бозаның” төңірегіндегі желік сияқты” (Т.Әлімқұлов).“ — Ой, мынаны өзім еңдеп жүр едім ғой! — Ә, не дейді?” (Жайс. Молдағалиев). Мұндай құрылымдар жазылуындағы тыныс белгілеріне сәйкес ауызша өздеріне тән айырым интонациямен айтылып, оқылады. Жайылма сөйлем құрауға сөйлемнің мүшелену заңдылықтарының да тікелей қатысы бар. Оның мәнісі: бастауыштың немесе баяндауыштың төңірегінде бір не екі сөз ғана топтаспайды, өз ішінде бірнеше сөйлем мүшесіне ажыратуға болатын сөздер тобы, яғни мағыналық бөлшек болуы әбден мүмкін.
Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді
Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен ешуақытта кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.
Отанды сүю ұғымы туған табиғатқа, отбасына, мектепке, достарына, кітапқа, суретшілер шығармаларына, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игіліктің бәріне деген сүйіспеншілікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың патриоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біздер ағаштарға, гүлдерге, үй-ішінің тыныштығына деген талпынысымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құрдастарын, үлкендерді құрметтеуді тәрбиелемес бұрын, халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.