В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
rortat32
rortat32
17.11.2022 21:31 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтап, өз сөзіңізде қолданыңыз, көтерілген мәселені анықтап, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

Қазақстанның кереметтері

Бірінші орында кіші Швейцария – Бурабай. Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің әсем табиғаты, көптеген қонақүйлері, шипажайлары мен дамыған инфрақұрылымы демалушыларға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында екінші Швейцария деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Бурабайда демалып үлгерсеңіз, онда Ұлы Жібек жолы бойымен экскурсиялық саяхатқа аттануға болады. Бұл бағыт ең танымал және тарихи маңызды орындар арқылы өтеді. Жол бойында қазақ халқының бірегей сәулет және археологиялық ескірткіштері, атап айтсақ Айша-Бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері орналасқан. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Халқымыздың пейілі сияқты кең, көңілі сияқты дархан даламызда жабайы табиғатпен қауышып, рухани азық алып, жері, суы мен ауасының шипасын көруге мүмкіндік бар.

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген

«заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.

1. Мәтінде неше елдің тәрбиесі туралы мәлімет бар?

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

2. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз.

А) Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

В) Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

С) «Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

D)Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілерсің.

3.Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

жанұя

жанжал

өзгешелік

тумалар

4.Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпаратты ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат

1. 1.

2. 2.

3. 3.

5.Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.

Сұрақ: Сіздің ойыңызша, «Бақытты отбасы» қандай болуы керек деп ойлайсыз? Ойыңызды өрбітіп, аталған тақырыпқа эссе жазыңыз.

дайте ответ ​

Показать ответ
Ответ:
fghjdgfdjhg
fghjdgfdjhg
28.10.2020 13:00

1.В

2.D

3.жанұя-отбасы

жанжал-ұрыс керіс

өзгешелік-бүртүрлі

тумалар-туыстар

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота