тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Аудар. Ертегінің жалғасын тауып, қысқаша баяндап жазыңдар.(Прочитайте текст. Найдите оставшуюся часть рассказа и напишите своими словами небольшой рассказ). 1.– Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білісін? – деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. – Аждаһа шығады. Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді. Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді. - Ағарған әкеліңдер! – деді сосын одан отты жанарын алмастан... Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді. Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожға бір қарады да кері бұрылып, ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды. 2. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһаға қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батсын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты... Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сесеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсіндер дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылық басын сәл иіп сәлем берді: - Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз! Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, аулының алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен. «Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Каждый из нас стремится иметь собственный дом, квартиру, место, где можно расслабиться и быть самим собой. Именно поэтому люди тратят столько денег, сил и энергии, чтобы сделать свой уголок уютным, комфортным. У каждого из нас есть свое представление об атмосфере, об идеальном доме. Мы часто хвастаемся друзьям о новых и современных приобретениях в жилище, рассказываем о планах, мечтах. Научиться составлять описание о доме на английском языке просто необходимо, ведь это один из ключевых моментов нашей жизни.
Кто-то живет один, кто-то с родителями или собственной семьей. Кто-то любит маленькие квартиры, где все на виду и под рукой, а кто-то предпочитает пространство. Исходя из этого, мы выбираем место проживания. Составить описание дома на английском языке довольно легко. Прежде всего, необходимо использовать вводные фразы, что значит дом для вас. Можно употреблять пословицы, которых немало по этой теме, высказать свою точку зрения по ним. Затем постепенно переходить к деталям: количество этажей, комнат, расположение. Если вы хотите составить топик «Дом моей мечты», то используйте тот же принцип. Можно добавить несколько экзотических деталей. Например, стеклянные стены, крыша, все, на что хватит вашей фантазии.