-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Зергерлік өнер — қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала
елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер
көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға
білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Сырға құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым. «Сырға тіл-көзден
сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма-
сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» – деп тілек айтқан.
Білезік ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Қыз
бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған. Білезікті екі
қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей
бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен
соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» —
деп тілек айтқан.
Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.
Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым.
Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген.
Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.
Мұратқа жету үшін не істеу
керек? Ең алдымен адамның
нақты мақсаты болу керек. Адам
мұратсыз, немесе мақсатсыз
болмау керек. Жастардың
көбісі мұраты да, мақсаты
да жоқ. Өйткені ата-ананың
күшіне, беделіне, ақшасына
сенеді. Ондай балалардың
болашағы анықсыз. Ал егер бала
жастайынан еңбектің, білімнің,
оқудың, тәрбиенің маңызын
білсе, онда ол ең алдымен өзінің
болашағына белгілі мақсат,
мұрат, бағдарлама белгілейді.
Соған жету үшін бар әрекетін
салады. Ал өзінің мұратына
жету үшін, ең алдымен білім
керек. Білімге қоса білімділк,
парасаттылық, тәрбие,
адамгершілік, мәдениеттілік,
зерделік керек.
Жомарттық – қайырымдылық тамшысы.
«Жомарттың аты талай жыл өтсе де ел аузында жүреді» деп Рашид-әд-дин айтып кеткендей, жомарттық немесе жауанмәрттілік, кеңпейілділік – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Жмарттық дегеніміз – қолыңдағы бармен өзгемен бөлісу. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Менің ойымша, жомарттық отбасынан, яғни отбасындағы тәрбиеден бастау алады. Мысалы, біздің анамыз үнемі бізге «бір тілім қара нан болса да, бөліп жеңдер», «өзгелермен бөлісіңдер» деп жадымызға құйып отырады, сондықтан біздің қолымызда бір қампит болса біз бөліп жеуге тырысамыз, ешкімнен қолымыздағы нәрсені аямай, кеңпейіл болуға тырысамыз.