-тапсырма. Мәтінді тыңда. Түсініп оқы,
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі –
классик жазушы – Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты»
атты шығармасында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
халықтар достығына ерекше тоқталады. Кеңес елінің
түрлі ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлерін
суреттейді. Олардың жүрегіндегі интернационалдық
сезімдерін, мінездерін көрсетеді. Сонымен, көп ұлтты
кеңес жауынгерлерінің көптеген сыры Қайрош арқылы
ашылды. Қайрош — романның басты кейіпкері. Ол -
Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың про-
тотипі — Қайрош Сарталиев,
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.