Тапсырма. Мамандықтар атауын қызметінің мазмұнына қарай анықтаңыз. – 7 б
Адамдарды тіркеумен және қабылдаумен айналысады Рецепшионист
Сауалнама жүргізетін маман Интервьюер
Өнімді сатады, жарнамалайды, өткізеді Промоутер
Сусындар таратумен айналысады Сомелье
Үйлерді салуды жобалау және салумен айналысатын маман Девелопер
Белгілі бір сайт үшін контент құратын маман Копирайтер
Тауар туралы жақсы білетін маман Бренд-менеджер
ТЕКСТ
Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық: бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман; логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман; промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл; супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман; веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман; копирайтер - сайт үшін контент құрушы; коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман; интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман; девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман; сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман; джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды; рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын маман. Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай. Бірақ бұл мамандықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келе жатыр. Дегенмен бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды. Соған қарамастан жаңа мамандықтардың басым бөлігі - IT саласының дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер.
Берілген сұрақтарға жауап.
Қазақтың отбасы дәстүрінде тыйым сөздер ненің құралы болып саналады?
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Тыйым сөздер балаларды тәртіпке салудың басты құралы болып табылады.
Тыйым сөздер арқылы балаларды неге үйреткен?
Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.
Табалдырық қазақ халқында қандай ұғым болып саналады?
Табалдырық – қазақта қасиетті ұғым.
Табалдырық - ненің шекарасы?
Ол үйдің сырты мен ішінің шекарасы, босағаның мықты болуының кепілі ғана емес, құт пен кедейліктің де шекарасы. Табалдырық – бақ пен сордың қарауылы екен.
Табалдырыққа қатысты қандай тыйым сөздер айтылған?
• «Табалдырықты баспа, бақыт қашады».
• «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма».
• «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама».
Табалдырық - ненің белгісі?
Табалдырық – құттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса – жұтайсың, құтты адам аттаса – құтаясың.
Жас келін келгенде, қандай ырым жасалады?
Жас келін түскенде босағада отқа май құйғызып барып, табалдырық аттатқан. Келін табалдырықтан аттағанда шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен кіргізген.