В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Mushina
Mushina
02.03.2021 05:30 •  Қазақ тiлi

Тапсырма                                Мерзімі:    Тыңдалым және айтылым   (6)        1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.                                                       
            Бірде Болаттың үйіне ағасының жолдасы келді. Ол бас киімін үстелдің үстіне қойып жатып:
– Бүгін бір күнімді босқа жоғалттым, - деді. Болат оның сөзіне таңданып қалды. Қонақ кеткен соң ол ағасынан:
– Күнді қалай жоғалтуға болады? Барлық күндер бірдей емес пе?- деп сұрады.
– Уақыты жағынан барлық күндер бірдей, ал жұмысына қарай әртүрлі болады, – деді ағасы.                             – Адамның ешқандай пайдалы іс жасамаған және кешегі білгенінен басқа ешқандай жаңа нәрсе үйренбеген күні «жоғалған күн» болып саналады.
            Содан бері Болат ұйықтар алдында ағасына күні бойы істеген әрекеттерін айтып беретін болды. Сондай-ақ, ол күн сайын:                                                                                                                                                         – Менің күнім жоғалған жоқ па? - деп сұрауды әдетке айналдырды.                                                                                                • Болат қандай сөзді естіп, таң қалды? 
• Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді? 
• Болат нені әдетке айналдырды? 
• Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап бер.
   
 
Оқылым  (5)      2. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Көне Отырар
                Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың   назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.   Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.                                                        
Қаланың орналасқан жері
 
Халқының кәсібі
 
Тарихы
 
 
 
 
 
 
 
• Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін? 
• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
Жазылым  (5)   3. Құрылымы қате берілген мәтіннің негізгі бөліктерін (басы, ортасы, соңы) анықтап,                                   1,2, 3 сандарымен белгіле. Мәтінді ретке келтіріп жаз. Мәтіннің әр бөлігіне ат қой.
            Әкесі Сәкенді осы үлкен пирамиданың қасына суретке түсірді. Ежелгі египеттіктер пирамидаларды үлкен-үлкен тастардан салған екен. Оның ішіне өздерінің басшыларын жерлеген. Оларды «перғауындар» деп атайды. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынға арнап салынған. Оның биіктігі қазіргі заманғы қырық қабатты үйден де биік!
Өткен күзде Сәкен ата-анасымен бірге Египетке демалуға барды. Ол алып пирамидаларды көріп, қатты таңғалды.

Показать ответ
Ответ:
Andreiuchenik
Andreiuchenik
08.11.2021 17:11

1)D) әңгіме

2)В) ұлы ғұламаның ойын дәріптеу

3)Адамдары бақытты  болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады

4)

A)Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының

дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады.

Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойылған. Жұрт та бір-біріне үнемі ізгі ниетпен  көмектеседі, қуанышын қоса көтереді.

B)халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам да ізгі қоғам болады

4 тапсырма

Суретте айдай сұлу, гүлдей нәзік, ақша бет бойжеткен бейнеленген. Қыздың келбеті қиғаш қасы, жұлдыздай жарқыраған күлім көзі мен оймақ аузы назарыңды аудартпай қоймайды. Аққудай сұңғақ бойлы, қыпша белді, сырт келбеті жарасып гүлдей жайнаған қыз.

Суретте ер тұлғалы, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, болаттай мықты бозбала бейнеленген. Жігіттің бұйра толқындай шашы, өткір көзі, ат жақтылығы көзге түспей қоймайды. Өзі сымбатты, келбетіне мінезі сай, ер мінезді екені байқалады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Анджела1080
Анджела1080
12.12.2020 21:08

Дулат Бабатайұлы Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ол 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында (бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданында) дүниеге келген. Найманның Қаракерей табындағы Сыбанның Жарасқұл әулетінен шыққан. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашқан ол кейін шағатай, түрік тілдерін игереді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген кезеңнің шындығын көркем бейнелеуде біраз табысқа жетті. Сол замандағы кері кеткен мәселелерді шеней отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Туған жер, адамның іс-әрекеті, мінез құлқы, тарих көші, кәсіп туралы әралуан тақырыпты арқау еткен оның қаламынан өткір сатира дәрежесіне дейін көтерілген туындылар туды. Кеңестік дәуір тұсында оның шығармалары біржақты қаралып, көркемдік-эстетикалық талап тұрғысынан әділ бағаланбады. Ескішіл, феодалдық қоғамның жыршысы ретінде тану – ақын шығармаларына берілген біржақты баға. Оның туындылары 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), 1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақын мұралары қайта зерттеліп, оның бұл уақытқа дейін жарияланбаған бір топ шығармалары жарық көрді. Дулат Бабатайұлының мұрасын жинау, оны ғылыми айналымға түсіру барысында Қ.Раевтың атқарған шаруасы қыруар. Ақын мұрасын жинақтап «Өсиетнама» (Ғылым, 2001 жылы) атты толық шығармалар жинағын шығарған ол «Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (2002). Игілікті бастама жалғасын тауып 200 жылдық мерейтойы қарсаңында, 2002 жылы «Кеудем ақыл сарайы» («Ер-Дәулет») және академиктер З.Ахметов пен С.Қасқабасовтың басшылығымен 2003 жылы «Тұнық тұма» деген бір томдық жинағы, «Дулат Бабатайұлы» (Раритет, 2003) жинағы З.Серікқалиев пен Қ.Раевтың дайындауымен жарық көрді. Ақынның өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша өкіметінің отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан патша өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би, болыстардың алым-салығы титықтатқан шақ бұқара халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай аумалы-төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол тұстағы өмір шындығы арқау болды. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен, ақын, жыраулардың көне мұраларымен сусындап өскен ақын өз заманындағы көзіқарақты, білімді адамдардың бірі болды. Сарыарқадағы аты шулы ақындардың қатарынан орын алып, аузының дуалылығымен ел құрметіне бөленген ол 1874 жылы дүниеден өтті (1965, 1989 жылы жоғарыда аталған жинақтарда ақынның туған жылы дұрыс көрсетілген де, өмірден қайтқан уақыты жаңсақ берілген ). Сөз қадірін түсінген ақын қаламынан үлкен әлеуметтік мәселелерді көтерген туындылар туды. Оның «Қазақ деген ғаріп жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «Тегімді менің сұрасаң», «Ал қарағай сұлу сындардай», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Сөзім барда, көзім жоқ» деп аталатын толғауларында сол тұстағы шен-шекпен үшін елі мен жерін сатқан қуларды қатты шеней отырып, олардың іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ақын поэзиясының негізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен жерінің тұтастығын барлық толғауларына арқау ете білді. Ата қонысы болған Ақжайлау мен Сандықтас туралы ақын толғауында «Атам қонған кең далам, Мендей сені қызғанар, Бауырыңда өскен қай балаң?» деп өзінің туған жерге деген ыстық сезімін білдіре отырып, қазақ халқының кешегі жайма шуақ өмірін аңсайды. Ата-бабаның қонысы ендігі жерде кімнің қолына көшкелі тұрғаны да ақынды бей-жай қалдыра алмайды. Ол шығармаларына негізінен жеке бастың қамын емес, елдің, жердің мүддесін арқау еткен. Мынау азған заманда, Қарасы – антқор, ханы – арам, Батыры көксер басы аман, Бәйбіше – тантық, бай – арам, Бозбаласы – бошалақ, Қырсыға туды қыз балаң. Нары – жалқау кер  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота