Қазақ әжелерінің киімі басқа әйелдерден өзгеше болатын. Бастарына киетін кимешек ешқандай ою-өрнексіз, тек қана аппақ матадан болатын. Бірақ мұндай кимешек киген адам аса қадірлі және құрметті болып есептелген еді. Қазақ халқының бұрынғы нақылы бар ғой: «Кимешек қартатпайды, марқайтады» [4]деген, дәл сол нақылға сүйеніп отырып әжелерімізді аса ардақты адамдар деп айтсақ қателеспес едік. Аса қарт бәйбішелер шалма да киетін. Шалма дегеніміз еркектер мен әйелдер басына орап қоятын матаның бір бөлігі деп айтуға болады. Әжелер ашық түсті шалма тақпаған. Егер қарт әйелдердің киімі жайлы айтсақ, олар неғұрлым етекті және де мол қаусырмалы, үлкен қалталы болатын. Осы қалталар керекті заттарды салып қою үшін әдейі тігілетін. Көйлектері жас келіншектердің киімдерімен салыстырғанда бос, қос етекті емес болған, соңымен қатар аса ашық түсті, яғни сары, қызыл, жасыл сияқты болмаған. Ою-өрнек, не моншақ пен асыл тастар көйлекке қадалмаса да, басқа әйелдердің көйлектеріне тән оқалы жақ болған. Қарт әйелдердің үстіндегі камзол болса аса бай оқалы өңірмен безендірілген. Камзолдары қымбат, сапалы матадан тігілетін, көбінесе көк не жасыл түсті болатын. Олардың әшекейлері көбінесе тана және жылтыр болатын. Қалталарына күміс тіс шұқығыш пен күміс тарақтарын салып алатын. Жас қыздар сияқты шаштарына әрлендірілген шолпы тақпаған және де алтын-күміс алқа салмаған. Ал асыл тастары бар білезік, ауыр алтын сырға, сақина, күміс түйме, теңге сияқты әшекейлі заттарды басқа әйелдер сияқты таға берген. Әжелер аяқтарына кестеленген мәсі не көксауыр кебіс киетін. Қарт адамдар суыққа аса сезімтал болғандықтан аяқтарын жылуда ұстау үшін байпақ киетін. Байпақ ол, айтылып кеткендей, киізден тігіліп, етіктің ішінен киілетін аяқ киім түрі. Оның ұзындығы әдетте тізеге дейін болады, себебі байпақтың қонышы етіктің қонышынан қысқа емес, керісінше ұзынырақ болуы тиіс. Қарт әйелдердің киімдері көбінесе қымбат және қалың матамен тысталатын.
1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.
3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.