В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Кристи1801
Кристи1801
11.07.2022 07:05 •  Қазақ тiлi

Тапсырма: С.Қонақбаевтің қарсыласынан соққы алған сәттегі күйін етістіктің өзгелік және ортақ етістерін қатыстыра отырып суреттеп жазып жибериндер

Показать ответ
Ответ:
карина1543
карина1543
09.05.2021 13:04

Әрбір адам, мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да ,ақын да , әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ .Бұл шығарманы мен кітаптан да ,ғаламтордан да көшірмедім.Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен көңілден шыққан ойлар.. . Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты ,қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.


Мәңгілік ел –бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс.Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ ,біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды ,ашаршылық,соғыс, елден жыраққа ауып кету , тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.


550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай,біреуді кінәләмай , қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы , құрылуы осының айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды.

Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғағап, халық қорғаны бола білді.

Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып , бірінің етін біріне жегізіп қазақтың санын кемітіп ,қала берсе басқа мемлекеттерге ауып кетіп ,тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе?! Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..

Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығында созылған соғыста ұлдарымызды айтпағанда, қыздарымыз Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасты.Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың орны бір бөлек болса , тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп , күрсінген жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген , еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел-Аналар-ай!


Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады. Ресейдің қол астында болып ең басты , ең маңызды байлығымыз болған салт-дәстүрімізді, әдет –ғұрпымызды, тілімізді , дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық , Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе ,әдебиетте ақын жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.


Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...


Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген қалықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған , тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан , ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін ,дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол- «Тәуелсіздік» . Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!

0,0(0 оценок)
Ответ:
NikaGoddesin
NikaGoddesin
09.05.2021 13:04
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота