Тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрастырыңдар. 1.Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған?
2.Спорт түрлерінің қай түрімен айналысқың келеді? неліктен?
3.Спортпен шұғылданатын адамда қандай қасиеттер қалыптасады?
4.Спортпен жеңімпаз болу үшін айналысқан дұрыс па, әлде денсаулық нығайту үшін айналысқан дұрыс па?
Қара пима.
Бейнебаянда қара шаңырақтағы трагедия туралы айтылады.Оқиға ауылда бір жігіттің басынан өткен.Әйелі қайтыс болып,жігіт араққа салынады.Оның бар тауқыметін баласы көреді.Балаға ауылдастары көмектесіп тұрады.Әкесі үйдегі дүние мүліктің бәрін сатады.Ең соңында ол ұлының пимасын сатуды ойлайды.Баласы пимасын бермейді бірақ әкесі оны қатты ұрып,пиманы алып кетеді.Бала қардың үстінде жалаңаяқ жылап жатады.Ал әкесі үйге қайтып келмейді.Бала қатты үсіп,ауырып ауруханаға түседі.Дәрігерлер оның үсік шалған екі аяғын кеседі.Әкесі арағын қойып,ұзақ уақыт емделеді.Ол үйіне келгенде баласын таба алмайды.Поэманың соңында әкесі баласына қара пима сатып әкеледі.Бірақ баланың ол кезде екі аяғыда кесілген еді.Әкесі қатты өкініп жылайды.Бірақ бәрі кеш еді.