Тапсырма. Төмендегі пікірдің бірін таңдап, берілген сұрақтар бойынша «Жусандытөбедегі үміт сәулесі» тақырыбында сыни хабарлама жасаңыз. Сұрақтар: 1. Аян қатарлы балалар неден үмітті еді?
2. Әңгіме неліктен бірде мұңды, бірде қызықты суреттелді?
3. Аян айтқан ертегілер соғыс зардабын шеккен отбасының балаларының көңілін аулай алды деп ойлайсың ба?
1 пікір
«Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін» деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры бүгінгі оқырманға таңсық болмас. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылда дүниеге келген, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Аян тағдырына қатысты сауалыма Сайын аға бір кездері: «Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың барлығының тағдырынан жинақталған» деп еді.
2 пікір
Жазушының Ғұмар деген досы былай деп айтқан екен. «Сенің «Отау үй» атты кітабыңда «Жусан иісі» атты әңгімең бар емес пе?! Міне, соны оқыған біздің ауылдың Тәжібай, Науқан деген ағайынды механизатор екі жігіттің үлкені: «Бұл мен туралы жазылған екен», - дейді отырып. Оны естіген кішісі: «Жоқ, мұндағы Аянның тағдыры тура маған ұқсайды», - деп оған қарсылығын білдіреді.. Әңгіменің тым шынайы жазылғандығы да шығар, жерлестерінің ол шығарманың өн бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жатқандығы. Әрине, Аянның тағдыры тым аянышты. Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін емес. Әңгімедегідей біз де Аянның жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік
Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
Объяснение:
Міні