В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Krst263
Krst263
31.12.2021 02:33 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, онда көтерілген мәселені «Фрайер» моделіне сүйеніп, талдаңыз.

1. Мәтінде көтерілген мәселе

2. Жаңа нысанның дизайнын суреттеңіз

3. Жаңа нысанның кем дегенде екі артықшылығын көрсетіңіз

4. Жаңа нысанның пайдасы қандай? Кем дегенде екі пайдалы тұсын көрсетіңіз

5. Жаңа нысан туралы Сіздің пікіріңіз

Мәтін

Астанада жаңа көпір бой көтерді

Бұл туралы Ақорданың ба з қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Велосипедшілер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірді және велосипед инфрақұрылымын «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстарының әкімдіктері тұрғызды.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасына көпірдің саябақ аймағындағы жаяу жүргіншілер легі мен велосипед желісін Есіл өзенінің оң жағалауымен жалғайтынын баяндады.

«Егер көпірге жоғарыдан қарайтын болсақ, онда оның пішіні Атырау облысының нышаны болып табылатын балыққа ұқсайтынын көруге болады», – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Жаңа көпір Астана тұрғындары мен қонақтарына көп жылдар бойы қызмет ететін Атырау облысының лайықты сыйлығы болмақ.

«Астана тұрғындары осы нысандарды дайындауға қатысқан барлық өңірлерімізге ризашылық білдіруі керек. Астананы бүкіл ел болып тұрғыздық және бүкіл ел қуанышқа кенелуі керек», – дейді қала тұрғыны Әсима Әлжаппарқызы.

Велосипед жолдары «ақылды технологиялармен» жабдықталған. Онда арнайы үстелдер мен велосипед қоятын орын, Wi-Fi және телефон қуаттайтын құрылғылар орнатылған.

Тексеру соңында Атырау облысының филармония және концерт қызметкерлері ұйымдастырған ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында театрландырылған «Елдің жігері – Астанама» атты концерттік бағдарлама көрсетілді.​


Тапсырма ТапсырмаМәтінді мұқият оқып, онда көтерілген мәселені «Фрайер» моделіне сүйеніп, талдаңыз.1

Показать ответ
Ответ:
PokerFresh
PokerFresh
07.11.2022 12:03

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата – бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге , көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туылып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Қазіргі кезде Қазақстан елі – тәуелсіз, кең байтақ ел. Қазақстанның туы, елтаңбасы, ұлттық әнұраны және мемлекеттік тілі бар. «Отаныды сүйсең , өркениетің артады» деп ойлаймын. Біз өзіміз жаңа шыңдарға шығып, елімізді қадірлейік!

Туған жер – ыстық мекенім болып табылады. Себебі, сен өз туған жерінде, сүйікті мекеніңде ғана өзіңді еркін, әрі жақсы сезіне аласың. Жалпы туған жер адамға ыстық болып келеді. Мәселен, «Отан – оттан да ыстық» деген дана халқымыз а ң жүрегінде ең біріші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды , ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды , туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар , татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер және т.б. еңбектенуде. Бұл қазақ жерінің жомарттылығын, осындай ақкөңілдігін байқауға болыды. Сондықтан, татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы болып табылады.

Менің өз көкейімнен шыққан сөздерімді жаза кетсем:

«Естен шықпас туған елім, Тағдыр қайда апарса да, Қымбат болар өскен жерім, Ақыр заман болса да»,

- демекші, Отаным – Қазақстан мен үшін өте киелі , қымбат, бағалы, ыстық болып табылады. Мен өз қазақ елімді құрмет тұтып, мәпелеймін . Қайда жүрсек те , туған елімізді ұмытпауымыз керек. Жалпы айтқанда, туған елім – ыстық мекенім.

Менің туған жерім – Қазақстан. Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жеріә өте кеңбайтақ болып келеді. Дүниежүзінде үлкендігі бойынша тоғызыншы орында. Қазақстан жерінде қаншама даналар , дарынды адамдар туып өскен , өзінің іздерін қалдырған. Мен мақтанышпен Қзақстанды «ұлы жер» деп атай аламын. Өйткені , Қазақстан – жоғарыда айтып кеткендей өте жомарт, кең , үлкен, қазыналы , дара жер. Қазақстанның осындай ұлы болуына септігін тизізген – елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Ол шет елдермен бейбіт қарым-қатынаста , саяси-әлеуметтік теңдікте басқарып отыр.

Жақын арада Қазақстаннның тәуелсіздік алғанына 25 жыл болады. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған еді.

«Сұлу жерлер көп те шығар,

Сенен көркі озатын,

Көңілімнің құшы қонар

Жер жоқ сенен асатын»,

- дей келе Қазақстаннан асатаны ел жоқ деп ойлаймын.

Елім менің – Қазақстан. Қазақ елі көп ұлтты болып келеді. Жүз отыздан астам ұлт өкілі қазақ жерінде мекен етеді. Сонда да Қазақстан тату, бейбіт елдердің бірі.

«Ел іші – алтын бесік» демекші ,өз елін саған өте жылы, туған болып келеді. Менің ойымша әр адам өз туған жүргенде өзін үйіндегідей сезінеді .Сол себепті елімізді мәпелеуіміз қажет. Осыған байланысты ақын – Сұлтан Сартаев айтқандай:

Арым да сен,елім де сен

– Өмірге арқау болатын.

Алыс жолдан шаршап келсем

Құшып мені алатын.

Осы өлеңнің мән-мағынасын қарастырып көрейік. Өте терең. Ата-бабаларымыз айтқандай: « Өз үйім – өлең төсегім» туған елің саған мейірім нұрын шашып, қалай болса да ыстық болып табылады. Өзіміз білетіндей қазақ халқының ұлттық құндылықтары көп. Ең басты құндылықтың бірі – туған тіліміз.

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,

Орыс тілі сіңген ғой санамызға.

Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі

Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Қорытындылай келе, мен өзімнің туған жерімді, сүйікті мекенімді мақтан етемін. Осындай керемет өлең жолдарымен аяқтағым кеп отыр:

«Борыштымыз бәріміз ді

– Туған елге өскен жерге.

Жасымыз да, кәріміз де,

Бас иейік туған елге»,

- демекші, әрқашанда өз туған елімізді сүйіп, мадақтайық. Қазақстан сияқты елдің болашағы зор екеніне сенемін!

0,0(0 оценок)
Ответ:
мансур45
мансур45
20.07.2020 21:38

Алтын журек

Менің ойымша, алтын жүрек өте маңызды. Біз бәріміз өз ойларымызда, мәселелерімізде, уайымдарымызда өмір сүреміз. Тек жүрек бізге басқа адамды, жағдайды сезінуге көмектеседі. Көп нәрсені ақылмен түсінуге болады, бірақ ол әрқашан адамның жауаптарын ұсына бермейді. Яғни, сіз бір нәрсені дұрыс жасай аласыз, меніңше, бірақ басқаларға жаман. Жүрек бізге шындықты айтады.

Алтын жүрек өзінің пайдасы үшін де, оған келтірілген қателіктер үшін де қысқа есте сақтайды. Үлкен, асыл жүрек адам табиғатының жетілмегендігінен туындаған ойланбас әрекеттерді, сөздерді кешіреді. Жақсылық біреудің жақындарының шын уайымына, азаптары мен қуанышына малынған кезде толы болады. Адамды абстрактілі жақсылық идеясы емес, сүйіспеншілік, өкіну, жанашырлық, қарым-қатынасқа деген қуанышсыз сезімдер жетелегенде жақсылыққа толы болады.

Алтын жүрекке даналық тән. Жаман даналық жоқ. Жақсы жүректің даналығы жомарттықта, мейірімділікте, шыдамдылықта, үміт пен сенімде. Өзгелердің қуанышына артықшылық беру арқылы жақсы жүрек өзін-өзі бағалауда емес, айналадағыларға деген сүйіспеншілікте қанағат табады. Егер адам өзінің жауаптылығымен, адамдарға эмоционалды бейімділігімен, айналасындағыларға жақсылық жасауға деген ұмтылысымен мақтанса, оның іс-әрекетінің басты мотиві - бұл шынайы, риясыз жақсылық ұғымымен сыйыспайтын жеке қызығушылық.

Біз оны ашуымыз керек, тыңдауымыз керек, бірақ, екінші жағынан, бізге бір нәрсе себеп болады. Әдебиетте және әділ өмірде жаман адамдар мейірімділікті қолданған көптеген мысалдар бар. Мейірімді адам өзінің күшінен таусылғанда, ол бәрін жоққа шығарады, бірақ келесі сұраудан бас тарта алмайды. Жақсы адам өзін ұмытып кетеді, және ол жай қолданылып, лақтырылады. Менің ойымша, бұл өте қорқынышты. Бірақ қазір, мен бұл туралы естідім. Бұл әлі де рыцарьлар дәуірінде болған, бірақ, әрине, аз.

Жүрек пен ақылдың үйлесімділігі қажет. Біреуі де, екіншісі де бізге белгілі себептермен берілген. Барлығын айналадағы адамдар және өзіңіз үшін жақсы сезіну үшін пайдалану керек. Біз бір аяқпен жүрмейміз! Ия, біз бір қолды көбірек дамытамыз, бірақ айтпақшы, ми үшін сол қолды да қолданған дұрыс - мысалы, сурет салуға тырысу керек.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота