Тапсырма Топ ішінде «Әдеби шенберге» катысыныз. Мына релдердiн бiрiн тандап, жыр бөлімдерін талқыла. Дереккөз: Қыз Жiбек. Лиро-эпостык поэма. - Алматы: Мектеп, 2006. («Жетінші сез>> сериясы) 1) Талкы себепшісі - жыр бойынша (кейіпкерлері, сюжеті, карым-катынасы, автор позициясы, т.б. бойынша) 5 сұрақ құрастырады. 2) Белгiлеуші-жырдың қай бөлiмi ең маңызды деп санайды, ойын дәлелдейді. 3) Байланыстырушы-оқиғалардын бiрiн өмірмен байланыстырады, дәлелдейді. 4) Қорытындылаушы-көтерілген мәселені корытындылайды.
Достық пен татулықты ту еткен Қазақстан халқы қашанда түрлі ұлт өкілдеріне әрдәйым құшағын аша білген. Қазақ даласындай көңілі дархан, пейілі кең болғандықтан, ешбір ұлтты алаламай, қазақ ұлтынан кем көрмеген. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті –ауызбіршілікте екені белгілі. Бір үйдің адамдарындай араласып – құраласып, үйлесім таба білген халықтар жарасымдылығына не жетсін. Ұлт аралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсіресе Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілі топтасқан, демократиялық жолмен дамып келе жатқан еліміз үшін өте қажет. Бұл бағытта еліміз егемендік алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекші. Солардың ең негізгісі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы.
Ассамблеяның негізгі бағыты-еліміздің тарихына терең үңіліп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті, ана тілімізді сақтау және дамыту, ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлінше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі үшан-теңіз екенін айтып кеткен жөн. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкілдерінің міндеттерін айқындап берген болатын. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпіріне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дуниежүзілік деңгейде, біріккен ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алған болатын.