В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Альмира2007
Альмира2007
13.04.2020 08:24 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Жазушының «Анасын сағынған бала» әңгімесі адам тағдыры ішкі қайшылықтарымен, терең психологиялық сезімге құрылған. Шығармаға арқау болған баланың қасіреті сізге қалай әсер етті?
Осы сұраққа жауап ретінде эссе жазыңыз. (100-120 сөз)

Дескриптор:
-
кіріспе бөлімде шығармадағы кейіпкерлер, шығарманың тақырыбы мен идеясына тоқталады. (20-25 сөз);
-
негізгі бөлімде шығармадан алған әсері, кейіпкерлер әректінің неге ойландыруға жетелейтіні, тәрбиелік мәні туралы пікірін білдіреді.(60-70 сөз)
- қорытынды бөлімде ана махаббаты, оның маңыздылығы жайлы ойымен қорытындылайды. (20-25 сөз)

Показать ответ
Ответ:
helpmepleasehelpls
helpmepleasehelpls
21.09.2021 01:35
Қазақстан – менің Отаным

Өз Ота­ныңын, өз еліңнің пат­ри­оты болғанға не жетсін! Сайын да­ла — атажұрт ба­бала­рымыз­дың көздің қара­шығын­дай сақтап, най­за­ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны­ның арқасын­да бізге жетіп отыр. Ен­де­ше осын­дай алып Отан­ды сүйіп өту кімге де бол­сын па­рыз әрі қаси­етті міндет. Отан­ды сүю оның әрбір та­сын сүюден бас­та­лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де­ген ма­хаб­бат Отанға де­ген ма­хаб­батқа ұлас­пақ.

Қазақстан жерін ежел­ден қоныс­та­нып ке­ле жатқан ел — қазақ халқы. Көпте­ген ғасыр­лар бойы ел басқарған да­на бас­шы­лары­мыз, қол­басшы ба­тыр­ла­рымыз кең-бай­тақ жерімізді сырт­тан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, дос­тыққа адал, ба­уыр­мал, қонақжай ха­лық.

Тәуелсіздік — ғасыр­лар бойы аңсаған ар­ма­нын жүзе­ге асы­рып, Ұлы Ев­ра­зи­яның төсінде еге­мен, тәуелсіздік мем­ле­кетін Қазақстан­да тұра­тын әрбір адам өзін осы елдің пер­зенті сезінбейінше, бо­лашағына сен­бейінше, біздің жұмы­сымыз ілгері бас­пай­ды.

Қазақстан Рес­публи­касы — Ев­ра­зия құрлығының ор­та­лық бөлігінде ор­на­ласқан мем­ле­кет. Жер көлемі — 2724,4 мың шар­шы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы са­нақ бойын­ша). Ұлттық құра­мы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыс­тар — 30,0%, ук­ра­ин­дар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғыр­лар — 1,4%, ко­рей­лер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Рес­публи­касы — де­мок­ра­ти­ялық және біртұтас мем­ле­кет бо­лып та­была­ды. Ел тұрғын­да­ры негізінен ис­лам және хрис­ти­ан дінін ұста­нады. Бас­ты қала­мыз — Ас­та­на. Мем­ле­кет бас­шы­сы — Пре­зидент. Заң шығару­шы жоғарғы өкілді ор­га­ны — Се­нат (39 де­путат) пен Мәжілістен (77де­путат) тұра­тын Пар­ла­мент. Атқару­шы билік ор­га­ны — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ясте
Ясте
16.05.2020 23:55

Туған жер – алтын бесік

Менің туып-өскен жерім, кіндік қаным тамған жерім – ауылым. Ауыл деген, ойпырым-ай, еске түссе, көзден жас шығып, бетіңнен күлкі кетпес! Балалардың у-шуы, кемпір-шалдың дүбірі, сарқыраған су, табын-табын жылқы шабуы әлі де есімде...
Шіркін, әжем айтқандай, «Өткен өмір - соққан жел» деп, биыл, міне, мектеп бітіріп, азамат болдым. Енді бірнеше жылдан соң жоғары білім алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істемекпін. Міне, кешегі көбелек қуған қазақтың қара домалақ баласы бүгін ер жетіпті.
Мен атам мен әжемнің қолында өскендіктен бе, әлде ... кім білсін?! Туған жер дегенде кешегі шал-кемпірлерім есіме түседі.
Жаздыгүні бір қызық... Атам таң атпастан ат жегіп, бізді оятатын. Мен сіңлім екеуіміз созылып-керіліп оянғанша, күн сәскеде. Әне-міне дегенше киініп, ат үстінде (яғни ат арбаның үстінде) саяхатқа дайын отырамыз. Атамыз өзінше жоспар құрып, ауылдың ана шеті мен мына шеті бойынша карта жасайды. Ең бірінші біз жидек жинауға барамыз. Жол-жөнекей ән айтып, жолда кездескен зираттарға құран қайтарып, шілікке де жетеміз. Шілік дегеніміз жидектің тұнып тұрған жері еді. Сол жерде қымыз дәмін шығаратын шөптен де аламыз. Жидек жинаған тағы бір қызық. Менің анам қатал адам. Неге екенін білмеймін, мүмкін сіңлім екеуімізді жалғыз өсіргендіктен. Әйтеуір бір жидекті аузымызға түсірмейді. Сонда марқұм атам жидекті тақиясына жинап, шөптің арасына тығып қояды. Түгеліміз жиналып, енді атқа отырар кезде, ол тақиясын алып шығып бізге беретін.

 

Келесі карта бойынша қарақат теруге барамыз. Бұл жерде, әрине, аузымызға біраз нәрселер түсетін. Себебі, қарақаттың биіктігі жидекке қарағанда тығылуға болатын. Мен тығылып, қарақатқа жақсылап тұрып, тойып алып қып-қызыл аузыммен шығамын. Сонда қарақат жинаған шелегім тап-тақыр бос. Әрине, анамнан біраз сөз еститінмін, бірақ қарын тоқ болғасын, оны уайымдайтын Медресегүл қайда?! Сонымен одан әрмен жылжығасын біз үш құдыққа да жетеміз. Сонда Үш құдық дегеніміз қазіргі артезиан, бірақ үшеуі де бір өзенге тоғысқан. Сол жерде шомылып (атам да жасы сол кезде 78-де болса да, бізбен бірге шомылып), доп ойнайтынбыз.
Шынымен, «жас кезінде бір бала, қартайғанда бір бала» деген осы. Атамның бетіндегі күлкісі әлі есімде.
Кеш бата біз ауыл сыртына жақын келгенде, атам шалғысын алып, малға шөп шауып алатын. Сонымен күн ұясына батқасын үйге өлердей шаршап қайтамыз. Бағанағы тақиясын шешкен атам түгелімізді күлдірді. Өйткені жидек тергенде, жидектің қызыл түсі тақиясында қалып, атамның басы қып-қызыл болды. Көрші-қолаң, көшедегі балалар атамды «қызыл бас» деп атап кетті.
Міне, бұл менің өмірімдегі және ауылымдағы бір күндік оқиғасы. Сондықтан ауыл, қария, кемпір-шал деген сөздер менің есіме бүкіл өмірімді, туған жерімді түсіреді. Бұл менің балдай тәтті бала кезім. Туған жерге деген ыстық сезім, ауылымның елесі, алтын бесіктей табиғаты әлі де көз алдымда...

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота