Тапсырмалар 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. [3]
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр.
Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
1.
2.
3.
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен көңілден шыққан ойлар... Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты , қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
Қазақта күшті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген асыл сөз бар. Адам егер де көп уақытын түрлі ақпараттың, кітаптардың соңында өткізер болса, ол мыңнан жүйрік атанады. Білім кез келген адамның келбетін, санасын сұлуландырып тұрады. Адам өмірінде білім аса маңызды рөлді ойнайды. Білімсіз адам жалаңаштай, ол ештеңе білмесе , онымен сөйлесетін де дәнеңе қалмайтындай. Білім - бұл үнемі маңызды ақпаратпен толықтырылатын қобдиша. Білім алаотырып, біз болашақта баға жетпес қызметке орналаса алатын тәжірибе жинақтаймы з. Біз білімді кейде еріксіз алып жатамыз. Себебі білім барлық жерде. Ол анамыздың бізге айтқан ақылында, достарымызбен сөйлескен аз ғана уақытта... Білімді болу үшін адамға тау қопарудың қажеті жоқ. Тек үнемі ізденісте болсаңыз болғаны.Білім - теңіз. Білімнің шегі жоқ. Адам бұл өмірде бәрін білдім, болдым десе қателеседі. Себебі ол расымен де теңіз секілді. Ешқашан да бітпейді. Білімді адам қашан да кез келген ортаның алды болады емес пе? Сондықтан болар ата-анамыз бізді жастайымыздан білімге, ғылымға баулиды. Білім біздің болашақта жейтін нанымыз.