Тапсырмалар және қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі Ті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға
байланысты көтерілген мәселені талдаңыз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен
терминдерді орынды қолданыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы
дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз. Үстеудің мағыналық түрлеріне қатысты синонимдік қатарларды түрлендіріп қолданыңыз.
[10]
1-мәтін
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар
кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып
Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім,
өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер
түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы
кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек
соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған
білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби
жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек
етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы
кеткені анық. Олкітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана
ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе
керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Домбыра жайлы диалог
- Сәлем, Сандуғаш!
- Сәлем, Айдана! Қалың жақсы ма?
- Ия, жаксы. Өзің қалайсың? Қайда бара жатырсың?
- Мен де жаксымын, рахмет. Домбыра үйірмесіне жазылуға бара жатырмын.
- Домбыра ойнап үйренейін дедің ба?
- Ия, өткен жолы қазақ тілінен Қадыр Мырзаәлі атамыздың «Домбыра» өлеңі маған үлкен әсер қалдырды. Әсіресе «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген сөздері жүрегімнен ерекше орын алып, домбыра тартып үйренуді қолға алуды шештім.
- Жарайсың, құрбым! Керемет жаңалық екен! Сен үшін өте қуаныштымын, болашақта мүмкін белгілі музыкант не болмаса сазгер боларсың?
- Ия, мүүмкін. Уақыт көрсете жатар. Осы киелі аспабымызды жақсылап меңгеріп алсам, өзіме де жақсы деп ойлаймын.
- Жақсы онда. Жолыңды бөгемейін. Іске сәт!
- Рахмет. Көріскенше!
- Сау бол!