Тапсырмалар және қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым Тапсырма 1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. 2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10] 1-мәтін Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жок ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ. Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Өзара одақ құру арқылы Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған. Тынышымен өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Тектілігі тереңге тамырланған қазақ халқы бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.
Әлемде құстардың түрі өте көп. Құстар табиғатқа сән береді.Олар адамның көңіл күйін көтереді.Мысалы қарлығаш ол адамның досы.жанашыры.Қарлығаш әдемліктін символы.Оның өз әні бар ,әні құлаққа жағымды .Қарлығаш адамға саулық ,жақсылық, және қауіп қатерден қорғап жүреді.Ол өзінің ұясын ауланың айналасына салады.Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды.Қарлығаш-онша ұлкен құс емес.Олар аспан көгінде тамаша ұшқыштар болып саналады.,өте жылдам ұша алады.Қарлығаш жылына 1 кейде 2 рет 3-7 жұмыртқа салып ,балапан басып шығарады.Қарлығаштың көрегі көбіне ұсақ жәндіктер.Қарлығаштар -жыл құстары .Олар кеш келіп ,ерте қайтады.Қарлығаш -сүйкімді құс.