ТАПСЫРМАНОТ ОҚЫЛЫМ.
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап-ақ пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан
табылған V—VI ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол
оңнан солға қарай «Ақсықын» - «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білгеқаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне
аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы
алды. Өйткені, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық
жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар – қазақ
халқының ертеден келе жатқан бастауы. Біздер – осы мұралардың мұрагерлеріміз.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық
алмақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмір мал шаруашылығымен байланысты
болғандықтан табиғаттың ерекшеліктері жіті ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің
төртбұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші
жатқан мемлекеттердегі халықпен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс iс-әрекетінде де
географиялық бағдарлау жасайбілген.
Ғұндар кешпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Ат құлағында ойнаған шабандоз, жауынгер халық
болған. Археологиялық қазбалардан табылған сырға, сақина сияқты әшекейлер олардың асқан шеберлігін
көрсетеді.
Қаңлылар да қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Ержүрек, енерпаз. қаңлылар елдің
оңтүстігін - Сырдария, Арыс, Бадам өзендерінің алқаптарында мекендеген.
1. Қазақ халқы түркі дәуірінен қалған дастандарды неліктен тел дүниесіндей қарсы алды?
Діни-наным, салт-дәстүр халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай
деген бізге таныс жазулар үшін
нас жасаған.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренеміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.