ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ 1925 жылы 1 сәуірде белгілі қазақ композиторы және дирижері Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері,
Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев дүниеге келді. Н.Тілендиев түрлі
жанрдағы 500 музыкалық туындының авторы: әндер, күйлер, романстар, увертюралар, поэмалар,
кантаталар, опера, балет т.б.
Әкесі домбырада жақсы ойнаған, қазақтың халық әндерін жетік білетін. Анасы Салиха да музыканы сүйді
ән салып, тіпті домбырада ойнайтын. Домбыра тартуды жеткіншектің балалық шағынан үйренгені таң
қаларлық жайт емес.
Көп ұзамай ата-анасы ұлдарына пианино аспабын сыйға тартты, ал анасы болса, баласын ноталық
сауаттылыққа баулыды. Бұл Нұрғиса үшін тағдыркесті шешім еді.
1933 жылы жас бала Ахмет Жұбановпен кездесті. Бірде ол Нұрғисаның үйінің маңынан өтіп бара жатып
күмбірлеген домбыра үнін құлағы
шалады. Жұбановқа бұл аспапты кімнің соншалықты шебер меңгергені
қызық болды. Алты жасар баланы көрген Жұбанов анасынан баланың тағы бір рет кезінше күй ойнап
беруін өтінеді.
Ахмет Қуанұлы жеткіншектің күй тартқанын ұзақ тыңдап отырып, соңында оған музыка училищесіне
міндетті түрде оқуға бару керектігін айтады
Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрыңыз
Ата-бабаларымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаса керек. Денсаулық мықты болса, а әр кез сымбатты көрініп, көтеріңкі көңіл-күйде жүретін болады.Қазіргі таңда таза ауаға шығып, табиғат аясында демалуға көп мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан да ауасы тарылған ортада тыныс алуды үйренген жөн. Күнделікті таңертең оянған бойда төсектен тұрмастан 20 рет терең тыныстау керек, кейін 30-40 минут таза ауада жаяу жүріп, сергіген абзал. Мүмкін болса, таңертең жылы душ қабылдаса игі. Сондай-ақ, таңғы жаттығуларды жасауды ұмытпаңыз.
Менің сүйікті жыл мезгілім
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана қысқы ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!