В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
НяшаАнька
НяшаАнька
07.07.2020 01:59 •  Қазақ тiлi

. Тарихшылардың қаңлылар туралы қалдырған деректерін жазыңыз.​

Показать ответ
Ответ:
Csgopro1
Csgopro1
11.04.2021 20:44

Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде Қаңлы елінің аты б. з. б. XIV ғасырдан бастап мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы білетін антик авторлары қаңлыларды тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта «Қан үйі» б. з. б. ΙΙΙ, дұрысында,ΙΙ ғасырда көтерілген деп жорамалдауға болады. Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь Қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде (б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы), қаңлылардың жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек, ол өзіне Янцайды (Арал-Каспий өңіріндегі сарматалан тайпалар одағы), Яньды (Орал өңіріндегі сармат тайпалары) бағындырып алды. Қытай жөнінде қаңлы билеушілері өздерін тәуелсіз, тіпті батыл ұстаған, бұл жөнінде б. з. б. I ғасырдың аяғында Батыс өлкесіндегі хань намеснигі императорға былай деп хабарлаған: «.. .Қаңлыға, керісінше (Үйсінмен салыстырғанда) өркөкірек, батыл және біздің елшілеріміз алдында бас июге ешбір көнбейді. Онда наместниктен жіберілген шенеуніктерді үйсіндердің елшілерінен төмен отырғызады. Тамақты әуелі солардың князьдары мен ақсақалдарына, сонан соң барып наместниктің елшілеріне тартады...»15. Ертеректе, Ферғана-Қытай соғысының барысында, қаңлылардың араласуы ғана ферғаналықтарды астанасының қиратылуынан құтқарып қалды және ферғаналықтарға тиімді бітім жасалуына жәрдемдесті16. Кейіннен, б. з. б. 47—46 жылдарда қаңлылардың билеушісі үйсінге қарсы күресінде солтүстік-ғұн шаньюйі Чжи Чжиді қолдады, ал үйсіндердің одақтасы ханьдық құдіретті Қытай болды17. Осының алдында ғұндардың державасы солтүстік және оңтүстік ғұндарға бөлінген еді. Оңтүстік ғұндардың жетекшісі шаньюй Хуханье, тегінде, ру ақсүйектері мен қатардағы қауым мүшелері көпшілік бөлігінің мүдделерін білдірген болар, Қытайға беріліп, онымен татулық және достық туралы шарт жасасты. Солтүстік ғұндардың билеушісі шаньюй Чжи Чжи оңтүстік ғұндарды бағындыруға сәтсіз әрекет жасап, император сарайымен қатынасын үзгеннен кейін байырғы ғұн иеліктерінен ығыстырылды. Ол Угэні, Гяньгуньді, Динлинді бағындырды, бірақ күш алған, оның үстіне Қытай қолдаған үйсіндерге қарсы тұра алмады. Өз кезегінде үйсіндер б. з. б. I ғасырдың орта шенінде қаңлылардың шығыстағы шекарасына қысым жасады. Сол кезде қаңлылар үйсіндерге де, Қытайға да бірдей қарсы тұра алатын күшпен одақ жасаспақшы болып ұйғарды. Мұндай күш солтүстік ғұндардың шаньюйі Чжи Чжи болатын. Чжи Чжиге кангюй билеушісі өз қызын ұзатып, өз иеліктерінің шығыс шептерінен жер бөледі, өз әскерінің бір бөлігін оның басқаруына береді. Үйсіннің жеріне Чжи Чжи бірқатар ойдағыдай шапқыншылық жасағанымен, бұл әскер үйсіндерді біржола жеңе алмайды. Қаңлылар шарттарын (державаның шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіруді) Чжи Чжи объективті түрде орындай алмады да, соның негізінде жанжал тұтанды. Оны Чжи Чжидің қаңлылардың әдет-ғұрпын көрінеу ұстанғысы келмеуі ұшықтыра түсті. Ол Қаңлы билеушісінің қызын, сондай-ақ «атақты адамдарын және жүздеген қарапайым адамдарды өлтірді немесе оларды Дулай (Талас) өзеніне тастады»18. Чжи Чжи қаңлы билеушісінің ордасынан қуылып, Талас өзенінің бас жағына кетті де, сонда өзіне қала сала бастады. Жазбаша деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, қала салуда күн сайын 500-ге дейін адам жұмыс істеген. Шаньюй құрылысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, ол құрылысшы-шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықтап бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мұнаралары бар топырақ болатын. Ішіне құрылыстар мен қамал орналасқан, шаньюй мен оның жақын төңірегіндегілер сонда тұрған.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота