В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
р0000
р0000
24.11.2022 09:18 •  Қазақ тiлi

Техника алмастыра алмайтын мамандык бар ма? ​

Показать ответ
Ответ:
Taylis69
Taylis69
16.12.2020 14:20

Объяснение:

Әлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месопатамия тұрғындары тақтайшаларға балшықты жіңішке «сына» деп аталатын таяқшалармен жазған екен. Осы тәсілмен «сына жазуы» танымал бола бастады. Тақтайшаларды күйдіріп, олардың ішіндегі ең бағалыларын бұзылып кетпес үшін арнайы конверттерге салып қойған. Археологтар үлкен сарайларда тақырыптарына байланысты іріктеліп сақталған осындай конверттердің біразын  тауып алған. Осы кезден бастап кітапхана тарихының алғашқы беті ашылған. Ежелгі Египеттегі кітапханалар ғибадатханаларда сақталған. Оны шырақшылар қарауылдаған. Египеттіктер жазуды алғаш папирус ағаштарына жазып, ұштарына таяқшаларды тығып, орама үлгісінде орап қойған. Ежелгі римдіктер өзгеше үлгіде кітапхана салуды ойластырады. Юлий Цезарь сол кітапхана ісіне бел шеше кірісіп, жобасын жасап, жоспарын да өзі құрады. Цезарь өмірден өткеннен кейін де оның бастамасымен салынған кітапханалар ерекше танымалдылыққа ие болған. Римнің бақуатты тұрғындары кітапханаларды арнайы кедей отбасындағылардың пайдалануына жағдай жасады да, өздері үшін таптырмас кітап қорларын көбейтті. IV ғасырда Римде 28-ге жуық кітапхана бой көтерді. Біздің эрамыз басталар шақта кітапханалар шіркеулер мен монастрьлердің ажыратылмас бір бөлшегіне айналып алды. Тақуалар кітаптарды оқи жүріп, оны өздері де жазды. Сондықтан да олардың күшімен көптеген кітапханалар жандана түсті. Ортағасыр аяқталар тұста сәулеті көкпен таласқан шіркеулер салына бастады. Осы кезде кітапқұмар адамдар да құр алақан отырмастан, сол шіркеулердің жанына кітапханалар тұрғыза бастады. Университеттер де кітап қорын көбейту мақсатында білікті жұмыс атқарып, кітап жинауда белсенділік танытты. Париж университеті, Гейделберг пен Флоренция университеттері өздерінің даңқты кітапханаларымен мақтанып, «бұғауланған» кітаптарымен таныла бастады. Бірақ ол кездерде кітаптарды жасап шығару қиын іс болатын. Өйткені олар өркениетін жасырып ұстамаса да, «қызғанып» қатар-қатар болып тізілген қабырғадағы кітаптарын шынжырлап сақтады. Бүгін біздер жиі табылатын халықтық кітапханалар 100 жылдан бері ғана өмір сүріп келеді. Ағылшындық саясаткерлер XIX ғасырдың басында халықты еркін түрде кітапханаға шақыра бастады. 1850 жылдың соңында ағылшын Парламенті адамдардың бәріне арналған кітапханалардың бой көтеріліп, халықтың қолданысына беруге рұқсатын берді.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/3871

Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

0,0(0 оценок)
Ответ:
kvarkpro
kvarkpro
13.05.2022 03:02
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/.

Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/.

Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/.

Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел,елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/.

Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/.

Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/.

Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/.

Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/.

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/.

Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/.

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/.

Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/.

Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті , бес саусақ/.

Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба
уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/.

Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі .
/Қымыз/.

Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/.

Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/.

Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/.

Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/.

Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді ,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота