В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
keewowzor2h
keewowzor2h
08.06.2022 13:47 •  Қазақ тiлi

Текст: Адамның денсаулығы – Қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты боцухалдарын қарастырмақ. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан ұшына кіріседі Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі көркеюі - салаушы емір салтын сақтау қолдауда Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы әрірақ ешр сүруі Tamme ca FR RH pyxan Cam Fan Ceseni. Тері тараты – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынанҳуынан жағдайда ғана ерін түрт робтар мен лас нәрселерден айықтырып тазартуға болады Адам терісінің ең есімтал бетіni - шаш пен тырнақ. Ол адамның он күн сәулесі мен суықтан сақтайды Әрданд езінің өмір сүру мерзім бар. Шаш сырт Кеѕе аѕ қашын сақтап тұрғанадсаған шын мәнінде күніне 100 тд шаш түсіп, 100 гр шығып отырады. Шашты ашасына рет туған жек Өe сууц сүЕДрі бас киімсіз шығуға болмайды. Қадың тырнақтарын аптасына 1 рет алса аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
1. Мәтіннен етістіктерді теріп жау етардың шақтарын анықта Мысалы қарастырмақ бақсатты келер шақ)

Показать ответ
Ответ:
дарюша13
дарюша13
04.01.2021 12:23

1) Роботтар адам орнын алмастырады.

Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.

Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.

Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.

2) Ә. Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз". Монолог.

Біз бүгін Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогін сөз еттік. Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының өр тұлғасын бұдан асқан қай шығарма бізге жеткізеді? Әлбетте, ешқандай. Шығармадан қаһармандық рух сезіледі.

“Ақиқат пен аңызда” Бауыржанның өр мінезі әр қырынан көрініп, соғыс майданында, жауынгерлер алдында үлкен істерді батылдықпен шешуге көмектеседі. Тапқыр да алғыр, сезімтал да секемшіл, қажырлы да қайратты офицердің характері осы бір белгілерімен қалай дараланған десеңізші. Майдан шебінде абырой, атаққа ие болған батырдың бейнесін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін көз алдымызда ашқандай болады. Шынымен де шығарманы оқып отырып кенет сол диалог жүріп жатырған жерде өзің де отырғандай сезінесіз.

“Ақиқат пен аңыздың” көркемдік шешімі де, алға тартары да,ұғым, талғамы неде жатыр десек, командирінің Отан алдындағы міндетін бүкіл армия болып қабылдауында деп жауап қайырғым келеді. Бауыржан Момышұлының өзі ғана емес, жазушы да батыр. Құдайым-ау, ешқандай жазушыны маңына жолатпаған тұлғаға қалайша сұрақтарын қоя алды? Бұған да бір қайсарлық керек қой.

Қорытындылай келе айтарым, әрине, Бауыржан Момышұлы туралы туындылар жоқ емес. Алайда батырдың нағыз бейнесін шынайы жеткізіп білген шығарма біреу, ол – "Ақиқат пен аңыз".

0,0(0 оценок)
Ответ:
elfimovakd
elfimovakd
27.05.2022 23:48

Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар. Оның шығу тарихы әріде жатыр.Ата-.бабаларымыздың көшпенділік өмір сүргенін тарихтан білеміз. Күнделікті тұрмысты да халұымыз көшпенділік өмірге бейімдеген,мал шаруашылығымен айналысқандықтан, оның өнімдерін,жүнін,терісін қолданған. Киіз үйде тұрғандықтан,үй жабдықтарының бәрін қолдан жасаған. Сөйтіп, күнделікті тіршілік қолөнеріне айналады.

Айталық,жүннен киіз басады,ол жылы төсеніш.Қабырғаға тұтатын киізді тұскиіз деп атайды, оған түрлі-түсті жүннен,бертін келе маталардан ою-өрнектер салына бастады. Жүннен ұршықпен жіп иіру өнері,жіптен киім тоқу әлі күнге маңыздылығын жоймай келе жатқан қолөнері десек қателеспейміз. Жіптерден өрмек тоқу арқылы түрлі көз жауын алатын алаша,кілемдер дүниге келген. Қолөнерінің тағы бір түрі- құрақ құрау. Әдемі түрлі-түсті матадан құралған көрпешелер жүк аяқтың үстіне жиналады.Жүкаяқ-сандық тәрізді көрпе жинауға арналған жиһаз түрі.Оны ағаш ұстасы ағаштан жасап,сүйекпен,тастармен безендіреді. Асыл тастарды зергерлік бұйымдар жасауға да пайдаланады. Зергерлердің қолынан шыққан білезік,сырға,алқа,сақиналарды қазіргі кезде көрмелерден көріп жүрміз.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота