Текст:қазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және xix ғасырдан бергі әдебиет. біз бүгін ежелгі дәуір әдебиеті туралы сөз қозғайтын боламыз. біздің дәуірімізге дейінгі vii-v ғасырлардан бастап біздің заманымыздың xiv ғасырын қоса 2000 жылдай уақытты қамтитын аралыкта туған шығармалар осы ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. тарихи деректерге сүйенсек, xv-xvi ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан. сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрактар да туады. халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады. ойткені, бұл туындылардың барлығы - түркі халықтарына ортақ мұра. атап айтсақ, алып ер тоңға, орхон-енисей жазба ескерткіштері, қорқыт ата кітабы, әбу насыр әл-фараби, ахмет йасауи, жүсіп баласағұн, махмұт қашқари, рабғузи, сәйф сараи, ахмет йүгінеки т.б. аты аталған шығармалар мен тұлғалар ежелгі дәуір әдебиетінің ең көрнектілері десек болады. біздің заманымызға дейінгі vii-v ғасырларда өмір сүрген сақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі есік қаласының маңынан табылғаны мәлім. бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер мен орхон-енисей ескерткіштеріндегі сөздер бірдей екендігі ғылымда дәлелденген. қазақтың эпостық және лиро-эпостық жырларының да тамыры осы ежелгі дәуір әдебиетінде жатыр. ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде туған "кодекс куманикус", "махаббатнама", "жүсіп-зылиха", "гүлстан", "домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. бастыны еңкейтті, тізеліні бүктірді, бек ұлдары құл болды, пәк қыздары күң болды, - деген күлтегін жырының үзіндісі «алпамыс батыр» жырына өте ұқсайды. жалпы сабақтастық пен халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне мен құрылымынан да байқалады. қорыта айтар болсак, ежелгі дәуір әдебиетінсіз бүгінгі әдебиетті елестету мүмкің емес. бұл дәуірде туған әдеби шығармалар сол уақыттағы халықтың өмірінен, тұрмыс-салтынан, тарихи оқиғаларынан көп мәлімет береді. осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ асылық емес