Алтыншы сыныпта, маған "Әдебиет" пәнінің мұғалімі "Махаббат қызық мол жылдар" кітабын оқуға кеңес айтты. Мен болсам, бұл кітапты жақын кітапханадан жалға алып, лезде оқи бастадым. Бұл кітаптың авторы Әзілхан Нұршайықов, еліміздің танымал жазушысы. Негізгі ой мен идеяға келетін болсақ - соғыс кезеңі, махаббат, педагогикалық институт қабырғалары және соңғы үміт сынды тіркестер менің көзіме елестейді. Ол кезде кішкентай болдым ба, Меңтай мен Ерболдың қарым-қатынасын сезімдерін толықтай түсіне алмадым. Неге Ербол тезірек ұсыныс жасамады, неге Меңтай басқа адамға күйеуге шыққаны миыма кіріп-шықпаған еді. Жиырма бірінші ғасырдың азаматы болған соң ба, білмеймін... өзім Меңтай мен Ерболдың орнында болсам, мүлде басқа әрекет жасаушы едім. Сөйтіп, мектеп бітірген шағымда, бұл кітапты оқуға екінші рет бел будым. Енді махаббаттың куәгері болған соң, хикая мүлде басқаша әсер қалдырды. Бұл кітапты бүкіл отбасымызбен қосылып оқып, бірге талқыға салатынбыз. Сол себепті, сіздердің барлықтарыңызға "Махаббат қызық мол жылдар" шығармасын оқуға кеңес беремін.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды.