Текст: Отбасы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.
Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз
Тәрбие мектеп – от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған
Әдепті бейне дұрыстар.
Ата-ана болса өрнекті,
Ұл мен қыз өсер көрнекті.
Әуезов Мұхаң айтқандай:
Түзейік бесік-жөргекті.
Естеу Нүсіпбеков (Шашу)
Вопросы:
1.Адам үшін Отан мен отбасын не?
2.Ата-анамыз бізге не?
3.Тәрбие мектебі не?
4.Біздің ата –аналарымыз қандай болып өсуге тәрбиелейді?
5.Өлеңде ата-анасы бар адамдар қандай болып өседі?
6.М.Әуезов отбасы туралы не дейді?
7.Айтылған ойлардан қандай ой шығаруға болады
-Әжетай, бізге сабақта "'Қазақтың ұлттық киімдері"' туралы баяндама жасауды берді,мен ешқандай мәлімет табалмадым.
-Қызым-ау ер адамның бас киіміне айыр қалпақ,тақия,бөрік жатады,ал үстіне олар шапан,қамзол ,аяқтарына мәсі киеді,
-Ал,әйелдер не киеді?
-Әйелдер бастарына кимешек,жаулық, шәлі киеді,ал ұзататын қыздарға сәукеле кигізеді үстеріне кәжекей,қамзол киеді,
-Әжетай, Сізге көп рахмет! Ертеңгі баяндамама дұрыстап дайындалайын!
Такой пойдет?