ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Қазіргі таңда әлемде энергия тапшылығы байқалатындықтан, электр қуатын үнемдеу – қоғамдағы басты
қажеттіліктердің бірі болып отыр.
Қуат көзін үнемдеудің келесідей жолдары бар:
1. Алдымен, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып
жүру керек.
2. Шам демекші, қазір электр энергиясын аз пайдаланатын, яғни энергия үнемдегіш шамдар жетерлік.
3. Кір машинада киім жуған кезде мүмкіндігінше жақсы ұнтақ таңдап, салқын суда жуу, себебі кіржуғыш
машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді екен.
4. Тоңазытқышты таза ұстау. Тоңазытқышты тұрақты түрде тазалап отырсаңыз, моторының жұмысы
жеңілдейді. Осылайша электр қуатын үнемдеп қана қоймай, тоңазытқышыңыздың өмірін ұзартасыз.
Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз
қуат көзі
баламалы энергетика
қуат көзін үнемдеу
Табиғатты қорғау.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу – бағзы заманнан бергі ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Табиғатты қорғау үшін біз де өз үлесімізді қоса аламыз. Ол үшін уақтылы сенбіліктерге шығып, айналаны, өзен - көлдердің жағасын қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеп, көктемге жас ағаштар отырғызып, құстарға қамқорлық жасасақ, осының өзі бірталай көмек болар еді.
Талай ақын жыршы ағаларымыз табиғатты өлең жырларына арқау етіп, жырлап өткен. Солардың біреуімен өз ойымды тәмамдағым келеді:
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең қайғырып жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат тамар. - демек, менің құрметті құрдастарым, табиғатты аялайық! Қолымыздан келгенше келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!