ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Бір тақырыпты таңдап, жанрға және тақырыпқа сай жазба жұмысын жазыңыз. Выберите одну из
тем. Напишите письменную работу, соответственно жанру и теме.
1.Сан есімдерді, болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, оқыған кітаптарыңыздың ішінде
ерекше әсер еткен кейіпкеріңізге хат жазыңыз /60-70 сөз/. Напишите письмо персонажу, который
произвел на вас особое впечатление. Используйте имена числительные, отрицательные и
положительные глаголы,
2.Сан есімдерді, болымды және болымсыз етістіктерді пайдалана отырып, "Білім- кітапта" деген тақырыпқа
эссе жазыңыз /60-80 сөз/. Используя положительные и отрицательные глаголы, напишите эссе на тему "
Знания в книге".
4. Сан есімдерді, болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, қазақ тарихындағы өзіңіз үлгі
тұтатын батырдың ерлігін тарихи кезеңмен сипаттап жазыңыз /60-80 сөз/. Опишите подвиг героя из
казахской истории, который является для вас примером.
ЗАГРУЗКА ФАЙлов
Дәрігер - арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек деген ата - бабамыздың айтқан ұлы да ұлағатты сөздері бар. Сол сөзді тереңінен қарастырар болсақ ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін деген мағынада, ал қыздай икемді деген өз ісіне байыппен қарайтын, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, ал анадай мейірімді деген науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.
Қазіргі кезде аурулардың атауларын білемін. Мысалы: Миненгит ( Бастағы ісік ауруы), гепатит (сары ауру), туберкулез (өкпедегі құрт ауруы) т. б ауруларды білемін.
Біздің елімізде аталған аурулар көбеюде. Дегенмен бұларға қарсы вакциналарда бар. Мен Маңғыстау облысында тұрамын. Біздің экологиялық жағдайымызға байланысты жастар арасында ісік ауруы орын алуда. Дәрігер адам өмірімен жұмыс жасайтын болғандықтан қателесуге болмайды. Әр бір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.
Әрине, адам өмірімен байланысты болғаннан соң өмір бойы оқу және үнемі ізденіс үстінде болуы керек.
Қазіргі кезде ауруларды емдейтін заманауи аппараттар шықты. Ғалымдар зерттеп, әлі күнге дейін ол ауруды емдей алмаған адамдар өте көп. Мен сол ауруды өзімнің еңбекқорлығыммен, ізденісіммен, өз күшіммен сол ауруды емдегім келеді. Халықты мұндай азаптан құтқарғым келеді. Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк артылады. Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын. Мен өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін!...
Міне, мен болашақта осындай дәрігер мамандығының иесі боламын!
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.