ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Біздер, қазақстандықтар - бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.
Қазақстанның жер қойнауы әлі де көп бөлігі игерілмеген табиғи байлықтарға толы. Кеңес уақытындағы «Қазақстанның жер қойнауынан Менделеев таблицасының барлық элементі табылады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Біз жер қойнауында жасырынған осы мол байлықтың жүзден бір бөлігін де игергеніміз жоқ. Қазіргі кезде біздің еліміз табылған мұнай қорының көлемі жөнінен (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын есепке алмағанда) дүниежүзінде 12 орында, газ бен газ конденсаты жөнінде 15 орында тұр. Қазақстан үлесіне әлемдегі табылған және барланған мұнай қорының (Каспий шельфіндегі энергия ресурсын есепке алмағанда) 3-4%-ы тиеді. Ал Қазақстанның құрлықтағы бөлігіндегі көмір сутек ресурсы қазіргі мезгілде 2,8 млрд тонна мұнаймен 1,8 трлн текшеметр газға тең.
(Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабынан)
(«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы, 8 сынып, 2 бөлім, «Көкжиек-Горизонт» 2018, 104 бет)
Мәтін мазмұны бойынша сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз.
если можно то на весь соч ответы)))
если вы кнш писали
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар
Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. 600 адамның 50 мың адамды жеңуі бізге аңыз секілді көрінгенмен, шындық солай.