ТЕКСТ ЗАДАНИЯ Сіз мектебімізден шығатын газеттің арнайы тілшісісіз. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында газетке
«Қазақстан – мәңгілік елі» тақырыбында мақала жазу тапсырылды. Берілген көркем тіркестерді қолдана
отырып, мақала жазыңыз
Қажетті көркем сөз қолданыстары: тарихымызға тағылым, бүгінгі бақытымыз, гүлденген келешекке
сенім, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, көк туымыз желбіреп, ертеңіне сеніммен қарайтын
бақытты ел, тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясы
Заманауи балалар
Мақалалар 0 794 қаралған 2018-11-14
бірінші мәтінге осы келеді-ау
Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе, өзіміз, тіпті әке-шешенің әңгімесін бөлуге, әкенің бір көзқарасынан, мұғалімдердің көзінен қорқатынбыз. Енді қазіргі, яғни, ХХІ ғасырдың балаларын қарап отырсам, олардың қылықтары шектен шығып отырады. Мысалы, анама немесе әкеме айтамын деп, ұрысты деп сес көрсетіп, сөз қайтарады. Бірақ, қазіргі заманда ондайда, мүмкін. Негізі осы заманның балаларын, «ақыр заманның балалары» деп айтып жатамыз ғой. Бір олар жағымсыз қылықтар жасап жатса, «ақыр заманның балалары» деп тақырыпты жауып, мінезін, тәрбиесін түзетуге де тырыспаймыз.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.